жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 19:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында "Асар" жобасымен жағдайы төмен отбасына 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған

Жамбыл ауданында "Асар" жобасымен жағдайы төмен отбасына 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында "Асар" жобасымен жағдайы төмен отбасына 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ басшыларына аудандардың жағдайын жақсарту мәселесіне назар аудару керектігін тапсырды. Ол үшін аудан-ауылдарды дамыту мақсатында тұрғындардың әлеуметтік әлеуетін көтеру маңызды. Осы орайда, Жамбыл ауданы әкімінен, ауданның дамуы бойыша сұхбат алып, тілдестік.  Аудан әкімінің сөзінше Жамбыл ауданының дамуында оң динамика қалыптасқан. Алдымен ауданның тарихына тоқталсақ. Жамбыл ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Сырдария округінің Әулие-ата ауданы болып құрылған. 1938 жылы 1 шілдеде Жамбыл ауданы болып өзгертілген. Ал, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президимының 1962 жылғы  17 қаңтардағы Жарлығымен аудан орталығы Асса ауылы болып өзгертілді. Жамбыл ауданы, облыс орталығы Тараз қаласын қоршай орналасқан. Ауданның жалпы аумағы 430,9 мың гектар. Ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 88 211 халық тұрады (оның 40,3 мың адамы экономикалық белсенді немесе 45,8%). Ұлттық құрамы бойынша ауданда халықтың басым бөлігі қазақтар 72% , дүнгендер 9,2% (8 131 адам), күрділер 6,1% (5 359 адам), түріктер 4% (3 415 адам), орыстар 2,8% (2 498 адам), басқа ұлт өкілдері 6% (5 427 адам). Аудан аумағынан «Батыс Европа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі өтеді (58 шқ. аудан аумағынан өтеді). Айшабибі, Бабаджа Хатуан кесенесі, Бектөбе, Бесағаш қалашығы, Ақыртас сарай кешені, Әулие бастау бұлағы, Айшабибі шипажайы мен Таскөл, Ақжол, Алтын бұлақ, Алмалы ресорт, Сеңгірбай демалыс орындары бар. Ауданда барлығы 3 415 агроқұрылымдар жұмыс жүргізуде, оның ішінде 4 өндірістік кооператив, 35 ауылшаруашылық кооперативі және 3 376 шаруа қожалықтары бар. 2023 жылдың қаңтар – қыркуйек айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 53,6 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,2%-ға жетті. Оның ішінде, - өсімдік шаруашылығы бойынша 34,6 млрд.  теңгеге немесе нақты көлем индексі 100,2%-ға; - мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 18,6 млрд. теңгеге немесе нақты көлем индексі 100,0%-ды құрады. 2023 жылға жоспарланған 60 152 га. егу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде күздік бидай 4 580  га, жаздық арпа  13 432 га, майлы дақылдар 3 070 га, қант қызылшасы 1 540 га, картоп 602 га, дәндік жүгері 1 915 га, бақша 785 га, көкөніс 9 027 га, мал азығы 25 200 га. Бүгінгі күнге 4 582 тонна бидай, 12 357 тонна жаздық арпа,   3 545 тонна майлы дақылдар,  13 585 тонна картоп, 259 655 тонна көкөніс, 21 760 тонна бақша және 310 564 тонна мал азығы жиналды. Әр гектардан түсім күздік бидайдан 10,0 центнерден, жаздық арпа 9,2 центнерден, майлы дақылдар 11,9 центнерден,  картоп 230 центнерден, көкөніс 349,9 центнерден, бақша 277,2 центнерден және мал азығы 123,2 центнерден айналды. Қазіргі таңда, егілген 1 540 гектар қант қызылшасын жинау жұмыстары жүргізілуде, әр гектардан 318,8 центнерден өнім жиналуда (2022ж. егілгені 700 га. – жалпы түсім 23,3 мың тн. – әр гектардар – 320 центнер). Ал, егілген 1 955 гектар сәбізді жинау жұмыстары жүруде, орташа түсім 243,9 центнерді құрауда (2022ж. егілгені 1935 га. – жалпы түсім 46,4 мың тн. – әр гектардар – 329,3 центнер) 2023 жылдың қаңтар – қыркуйек айларында шаруалар 963,4 млн. теңгеге 123 дана ауыл шаруашылық техникаларын алды. Оның ішінде лизинг жүйесімен – 470 млн. теңгеге 31 дана (1 дана комбайн, 9 дана трактор, 21 дана басқа техникалар) алса,  өз қаражаттары есебінен барлығы 493,4 млн. теңгеге 92 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алды (19 дана трактор, 73 дана басқа техникалар). Ауданда жұмыс жасайтын 19 жылыжайда 17 фермерлік,  2 өнеркәсіптікке 3,2 га. қияр дақылы отырғызылып  83,5 тонна өнім жиналып нарықтық бағамен өткерілді. Ал, екінші айналымға қызанақ - 0,3 га., қияр - 1,1 га., перец – 0,2 га.  өнімдері егіліп бапталуда. Ауданда жалпы алаңы 42 400 шаршы метрді құрайтын 113 қойма тіркелген (сыйымдылығы 37 829 тонна). 2023 жылы Ақбұлым ауылынан бір қойма (Атабеков ШҚ) салынды (15,3 млн). 2024-2025 жылдары  жеміс және көкөніс сақтайтын 4 қойма салу жоспарлануда, жобалық қуаты 1 560 тонна, жобалық құны 145,3 млн. теңге . Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым 177 020 га, елді мекен жайылымы 33 321 га, орман қоры жайылымы 64 564 га. Ауылдық округтеріне қоғамдық пада үшін 18 761 га берілді. Жетіспейтін жайылым көлемі 87 100 га құрады. Бүгінгі күнге, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 37 300 гектарды құрайтын жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр. Ал, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 5 878 гектар жер мемлекет меншігіне алынды. оның ішінде  310 га  егістік,  7,0 га шабындық, 5 561 га жайылымдық жер учаскелері. 2019-2022 жылдары «Ауыл Аманаты» жобасы аясында  3 ауылдық округте іске асырылды, атап айтқанда Бесағаш, Өрнек, Қаракемер  ауылдық округтерінде. Осы жоба аясында 538 адам жұмыс орнымен қамтылды (Бесағаш – 285, Өрнек – 89, Қаракемер – 164). Осы ауылдық округтерден 532 жеке кәсіпкерлер 2,2 млрд теңгеге несие алды. Оның ішінде Бесағаш а/о - 279 аула 1 млрд,  Өрнек а/о -89 аула 366,3 млн., Қаракемер а/о -  166 аула 875 млн. 2023 жылы  «Ауыл аманаты» жобасын одан әрі іске асыру барысында Айшабибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтерінде барлығы 379 құжат 2,5 млрд өтінім өткізіліп, қазіргі таңда 128 аула 836,8 млн. теңгеге несиелерін алды. Ауданда  15 өнеркәсіп нысандары жұмыс істеп тұр, атап айтқанда 1 орта (Амангелді мұнай өңдеу зауыты), 14 шағын кәсіпкерлік. 2023 жылдың 9 айына өнеркәсіп саласында 26,5 млрд өнімі өндірілді немесе нақты көлем индексі 74,2 % құрады. - «Амангелді ГӨЗ» ЖШС-де 19,2 млрд. теңгеге (114,2 мың тонна) мұнай өнімдері өндірілді. - «Кнауф Гипс Тараз» ЖШС-де 836,7 млн. теңгеге (457,6 мың тонна) гипс өнімдері өндірілді. Өндіріс көлемінің төмендеуіне "Амангелді мұнай өңдеу" өңдеу зауытының өндірісінің төмендеуі тікелей әсер етуде. Себебі аудандығы өндіріс көлемінің 80%-ға жуығы осы кәсіпорынға тиесілі. Өндіріс көлемінің төмендеуі шикізат тапшылығымен және өндірілген дайын өнімге сатып алушылардың жоқтығымен түсіндіріледі. Атап айтқанда өндіріс көлемінің төмендеуі негізінен мазут және жеңіл дестилятт өнімдерінен болды. 2023 жылы мазут 33,5 мың тонна (2022 ж – 58,1 мың тонна), жеңіл дестилятор  31,7 мың тонна (2022 ж – 43,9 мың тонна) өндірілді. 2027 жылға дейінгі іске асырылатын инвестициялық жобаларға тоқталсақ:  Жамбыл ауданында 2027 жылға дейін жалпы құны 38,2 млрд. теңгені құрайтын 193 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, нәтижесінде 1 038 жаңа жұмыс орны құрылады. Ауыл шаруашылығы бағытында 9,7 млрд. теңгеге 68 жоба іске асырылып, 319 жұмыс орны ашылатын болады. Оның 26 жобасы 2023 жылы іске асып, 62 жұмыс орны ашылатын болады. 2023 жылдың 9 айдын қорытындысымен 1,0 млрд. теңгеге     15 жоба іске асырылып 67 жұмыс орны ашылды. Атап айтқанда: - Ақбұлым а/о – «Көлкаев» ШҚ құрама жем сату орны 8,0 млн. теңге; - Гродеково а/о – «АТБ» ШҚ сүт өңдеу цехы 315,1 млн., «Умаров А» ШҚ 30,0 млн., «Юсупов» ШҚ 47,1 млн., тамшылаты суару; - Полатқосшы а/о – «Тоқтасын Агро» ШҚ жаңбырлатып суару 200,0 млн. - Жамбыл а/о -  «Дархан» ШҚ көкөніс сақтау қоймасы 40,0 млн. - Қызылқайнар а/о – «Ғалымжан» ШҚ жылыжай 8,0 млн., «Қырықбаева» ШҚ  мал бордақылау алаңы 30,0 млн. ; - Қаракемер а/о – «Атамекен» ШҚ-ы балық өсіру 140,0 млн.; - Өрнек а/о – «Кокишева Н» жылқы бордақылау алаңы 6,0 млн.; - Қаратөбе а/о – «Кеңесбай» ШҚ мал бордақылау алаңы  100,0 млн.; - Ақбастау а/о – «Шәйкүл әже» ШҚ мал бордақылау алаңы 20,0 млн.; - Бесағаш а/о – «Жеміс» ШҚ  көкөніс сақтау қоймасы 15,0 млн.; - Көлқайнар а/о – «Тастөбе» ШҚ жаңбырлатып суару 40,0 млн.; - Тоғызтарау а/о – «Нүргелді» ЖК мал бордақылау алаңы 7,6 млн. Өнеркәсіп саласында жалпы құны 28,5 млрд. теңге болатын 125 жоба іске асырылып, 719 жұмыс орны құрылады. Оның       40 жобасы 2023 жылы асып, 184 жұмыс орны ашылатын болады. 2023 жылдың 9 айдын қорытындысымен 1,4 млрд теңгеге        24 жоба іске асырылып, 132 жұмыс орны ашылды. 2023 жылдың 1 қазанына ауданда 9 269 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде тұрақты жұмыс істеп тұрғандары 8 428 субъект. Бұл салада 7915 адам жұмыс атқаруда. Өндірілген өнім көлемі 23,6 млрд теңге. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 32 жоба 513,3 млн. теңгеге несие алып, 35 жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 16 жоба пайыздық ставканы субсидиялау (352,7 млн.), 16 жоба банктік кредиттері бойынша кепілдік беру (160,6 млн.). 2023 жылдың 9 айында 10,9 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 132,4%-ды құрады. 2023 жылы аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен барлығы 4,4 млрд. теңгеге 36  нысанға құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, - Білім саласы бойынша Шоқай ауылынан 140 орындық мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілді; - Ауыз сумен жабдықтау бойынша Қаракемер ауылының ауыз суы пайдалуға берілді, Бесағаш-Түрксіб ауыл. құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, Бектөбе, Қызылшарық, Ерназар, ЖаңаӨткел ауыл. ауыз сумен қамту бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. - Газдандыру жүйесі бойынша Гродиково ауыл. маңында орналасқан шекара заставасын газбен қамту. - Денсаулық сақтау Жаңа Өткел ауыл. ауысымына 5 адам қабылдайтын медициналық пунт құрылысы, Шайқорық ауыл. 45 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы. - Мемлекеттік органдардың объектілері Қаракемер және Тоғызтарау ауылдық округі әкімшілігі ғимаратының құрылысы. - Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым Аса ауылындағы жаңа тұрғын үй алқапты электр желсімен қамту құрылысы. - Мәдениет нысандары Қызылқайнар, Ақбұылым ауылдарынан мәдениет үйінің құрылысы, Аса ауыл. Мұражай, Орталық кітапхана, Мұрағат  және Жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысы. - Спорт нысандары Пригородное, Айшабибі, Гродиково ауылдарындағы спорт кешенінің құрылысы аяқталды, Өрнек, Қаракемер, Бесағаш ауылдарындағы спорт кешенінің құрылысы жүруде. - Ауыл шаруашылық нысандары Аса ауылынан қаңғыбас иттер мен мысықтарды арнайы ұстау орнының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Тоғызтарау ауылы аумағындағы Аса өзенінің арнасына гидротехникалық имарат құрылысына аяқталуда. Жол саласына тоқталып өтсек. Аса ауылынан "Аса" станциясында темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі салынуда. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында пайдалануға берілген жеке меншік тұрғын үй көлемі 64 261 шаршы метрді немесе 101,0%-ды құрады. Ауданда тұрғын үй кезегіне 1 602 адам тіркелген. О.і. жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 116 бала, әлеуметтік әлсіз топтағы 598 адам, көп балалы отбасы 565, мемлекеттік қызметшілер 323. Аудан орталығы аса ауыланан 2 тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін (120 пәтер –  2,1 млрд) бюджеттік өтінім тапсырылып, қаражат бөлу күтілуде. Осы 2 тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда кезектілік 7,5%-ға төмендеп, 120 адам баспанамен қамтылады. Бұдан бөлек, «Асар» жобасымен жағдай төмен отбасына 2023 жылы жоспарға сәйкес 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған. 6 үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде . Бүгінгі күнге  Аса ауылынан және Шайқорық ауылынан 1 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы басталғалы 316 адамға көтерме жәрдемалы берілді (63,7 млн.) ал, тұрғын үй алуға бюджеттік кредит 149 адамға  берілді (479,3 млн.). 2023 жылы 4 маманға (20,7 млн.) тұрғын үй алуға қаржы беріледі (2-білім,      2-денсаулық сақтау.). 1 маманға тұрғын үй алуға бюджеттік кредит берілді                 (спорт саласы -  5 175 мың теңгеге). Көтерме жәрдемақы 20 адамға жоспарланып (6,9 млн.), бүгінгі күнге 5  адамға берілді. Ауданда жер телімін алуға 19 072 адам кезекте тұр. 2021 жылы 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісін, су, газ тарту, қиыршық тас төсемін төсеу  жұмыстары жүргізіліп, кезектілікке сәйкес барлығы 1 053 жер учаскесі берілсе. 2023 жылы Аса ауыл. кезекте тұрған адамдарға жер телімі берілді (811 учаскесі). Жалпы 1 864 жер телімі таратылды.                                                                                                           Аудандағы 42 елді мекеннің 35-де орталықтандырылған ауыз сумен (83,3%) немесе жалпы тұрғындардың 86,3% (76 166 адамы) ауыз сумен қамтылған. 2023 жылдың соңына дейін тағы 3 елді мекен ауыз сумен қамтылады. Жыл қорытындысымен ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 90,5%-ға жетеді. Бүгінгі таңда, Ерназар (609,5 млн. теңге), Жаңаөткел (371,9 млн. теңге), Қызылшарық (925,8 млн. теңге), Бектөбе (1,7 млрд. теңге) ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын бастауға Республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. Осы жобаларға құрылыс жұмыстарын бастауға аудандық бюджеттен әр қайсысына 2,0 млн. теңгеден бөлінді. Сондай-ақ, Жұма, Өрнек ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысының құжаттары әзірленуде, қаржыландыруға облыстық тиісті басқармаға ұсынылды құны – 1,7 млрд. теңге. 2025 жылға аталған жобалар іске асқан жағдайда  қамтылу көрсеткіші 100%-ға жетеді. Аудан бойынша 42 елді мекеннің 38-і табиғи газ жүйесімен қамтылған (90,4%). Магистральды газ құбырының құрылысы аяқталып,  газбен қамтылды. Тоғызтарау, Жаңа Өткел, Құмсуат елді мекендерінің  ауыл ішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды (446,6  млн.). Ал, осы 3 елді мекеннің магистралды газ құбырын тартудың ЖСҚ әзірленген, мемлекеттік сараптамадан өтуде (шартты құны -236,5 млн.). Бұдан бөлек Сеңгірбай ауылына магистралды газ құбырын және ауыл ішілік газ құбыры құрылыс жобасының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылады (6,3 млн.). Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда қамтылу көрсеткіші 100% болады. Аудан бойынша автомобиль жолдарының  жалпы ұзындығы 321,6 шақырым. (о.і. республикалық маңызы бар – 72 шқ., облыстық маңызы бар – 85,7 шқ., аудандық маңызы бар (35 бірлік) – 163,9 шқ.). 2023 жылы 9,2 шқ. құрайтын аудандық маңызы бар жол жөнделді (351,2 млн.). О.і. - Бесағаш ауыл. кіре беріс автомобиль жолының 1,6  шқ. (64,3 млн.), - Қызылқайнар-Жасөркен бағыт. автомобиль жолы 2,6 шқ. (103,1 млн.), - Қапал-Бесжылдық бағыт. жолы 2,0 шқ (80,8 млн.), - Көлқайнар ауыл. кіре беріс жолы 3,0 шқ (102,9 млн.). Ал, 2024 жылға аудандық маңызы бар жолдарды орта жөндеу бойынша 4 жоба әзірленді (құны – 502,6 млн. теңге - 13,05 шқ.). Олар, Ерназар - Қойгелді бағыты – 153 577 мың теңге (5 - 5,8 км.), - Ащыбұлақ ауылына кіре беріс – 93 908 мың теңге (0 - 2,5 км.), - Аса ауылының оңтүстік айналма – 28 432 мың теңге (0 - 0,75 км.), - Аса - Мырзатай бағыты – 226 676 мың теңге (6 шқ). Ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде  427,9 шқ. құрайтын 539 көше мен бұрылыстары бар. 2023 жылы 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 74,2 шқ. 93 ауыл ішілік көше жолдары жөнделуде (1,6 млрд.). Оның ішінде: - «Ауыл ел бесігі» жобасымен 6 елді мекеннің жалпы ұзындығы                 36,4 шқ 37 ауыл ішілік көшесі (727,4 млн.). - аудандық бюджет есебінен 23 елді мекеннің 54 көше – 773 млн. теңге (41,4 шқ.). - облыстық бюджет есебінен 2 елді мекеннің 2 көшесі – 155 млн. теңге (5,4 шқ.). 2024 жылы 13 ауылдық округтің 18 елді мекенінің 81 ауыл ішілік көше жолдары мен бұрылыстары жөндеуден өткізілетін болады (1,5 млрд теңге). Электр желілері мен трансформаторлардың 50% астамының тозығы жеткен (14 359 бағананың 5 144-і тозған). 2023 жылы 9 елді мекеннің 24 көшесі мен бұрылыстарына жарықтандыру орнатылды (125,2 млн.). 10 елді мекеннің ауылішілік бағаналар мен желілері тартылады, трансформаторлары және жарықтандыру құрылғылары ауыстырылуда және жөнделді (108,6  млн.).
  • Темір жол станцияларының аумағында орналасқан Аса, Жұма, Шайқорық ауылдарындағы үйлерді электрмен жабдықтау құрылысы. Жоба құны – 361,7 млн. теңге. Құрылыс жұмыстарын бастауға ағымдағы жылы 2-ші нақтылауда аудандық бюджеттен 6,0 млн. теңге бөлініп отыр.
Аудандағы 42 елді мекендердегі трансформаторлардың жалпы саны - 355 дана. Оның «Жамбыл аудандық электр жүйелері» ЖШС - 103,  ТГЭС - 92 теңгерімінде, қалғаны аудандық әкімшілікте 129, жеке-меншікте - 31. Ауылдық округтердің ұсынылған ақпараттарына сәйкес аудан бойынша қуаттылығы төмені 25 трансформатор. Аудан бойынша бағаналар саны - 14 359 дана. Оның ішінде 8 710 – ағаш, 5 649 – бетон бағаналар. Тозығы жеткен бағаналар – 5 144 (4 782 – ағаш, 362 – бетон). Ауданға қарасты барлық елді мекендерде халықтың айтатын негізгі өтініші электр жарығы қуатының төмендігі және ағаш бағаналары мен сым желілерінің тозуы (кеш мезгілінде сығырайып жанады). Аудандық РЭС және Қалалық ТГЭС тарапынан бұл жұмыстар баяу жүруде. «Ауыл ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019-2022 жылдары шеңберінде жалпы 70 жоба іске асырылып, тұрақты 183 жұмыс орны ашылды (3,8 млдр). Бұл жобамен 5 тіректі, 12 спутниктік елді мекен қамтылды. 2023 жылы 45 жоба іске асырылуда (2 тіректі, 10 спутникті елді мекен - 2,2 млрд.). Атап айтқанда, 6 елді мекенде спорт кешенінің, 2 елді мекенде мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде және 6 елді мекеннің 37 ауыл ішілік көше жолдары жөнделуде.                                                  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 2023 жылдың 9 айында  жұмыспен қамтудың белсенді шараларына – 5 412 адам орналасты. О.і. тұрақты жұмыспен – 2 605 (Ұлттық жобалар аясында - 38, грант -56, тұрақты жұмыс орындары  - 1650, жеке бастамалар -642, жастар несиесі-53, ауыл аманаты -166) уақытша жұмыспен – 1 799 адам. (Ұлттық жобалар аясында – 156, әлеуметтік жұмыс орындары-91, жастар практикасы-227, ақылы қоғамдық жұмыстар - 1201, алғашқы жұмыс орны-54, күміс жас-68, ұрпақтар сабақтастығы - 2). кәсіптік оқыту – 1 008 адам. (қысқа мерзімді  кәсіптік оқыту – 80, жұмыс орындарында  жұмыссыздарды оқыту – 29, электронды еңбек биржасы – 180, бастау бизнес жобасы – 719). Аудандағы 39 білім беру мекемесінің 26-і типтік, 12-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. О.і. (29 орта,   9 бастауыш, 1 негізгі мектеп) 930 сынып комплектісінде 16 601 балаға 2 105 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар, мектепалды дайындық бойынша 68 сынып комплектісінде  1 052 бала білім алуда. 2023ж. Шоқай ауылында 150 орындық мектеп құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді ( құны - 817 млн.). 2024-2025ж.ж. Қолданыстағы тозығы жеткен 7 бастауыш мектептің орнынан, жаңа типтік жобадағы орта білім беретін мектеп ғимаратын соғу қажет (Жалпы-760 орындық, Шайдана-150, Қапал-80, Рахат-80, Бәйтерек-100, Қостөбе-100, Қызылдихан-150, Қоңыртөбе - 100). Осы бағытта Бәйтерек ауыл 100 орындық (құны - 1,2 млрд.), Шайдана ауылынан 150 орындық (құны - 1,5 млрд) және Қостөбе ауылынан 100 орындық (құны - 1,3 млрд) Республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды. «Жайлы мектеп» жобасымен Шайқорық ауыл. 300 орындық мектеп құрылысы 2024 жылы басталады. “Жомарт түлек” жобасы шеңберінде 20 жоба іске асырылды (29,5 млн.). 2023 жылы «Жомарт түлек» жобасы аясында жоспардан тыс  мектептерге тартылған  демеушілік ретінді 20, 8 млн. теңгеге 98 рет көмек көрсетіліп, Танымал түлектермен, зиялы азаматтармен 57 рет кездесулер өткізіліп 10 840 оқушы қамтылды. “Мейірім” жобасы шеңберінде 134 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 3,0 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме бар оның 19-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 2023ж. Шайқорық ауыл. 45 келушіге дәрігерлік амбулаториясының құрылысы жүргізілуде (250,5 млн.), Жаңа Өткел ауылынан 5 келушіге арналған медициналық пункт құрылысы басталды (94,6 млн.). Өрнек ауылында дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеу жұмыстары жүруде (123,4 млн.). 2024-2027ж.ж. 8 елді мекендегі ыңғайластырылған медициналық нысандардың орнына жаңа ғимарат соғу қажет (Қоңыртөбе МП, Тоғызтарау МП, Қостөбе МП, Қаратау ФАП, Құмтиын МП, Қапал МП, Бәйтерек МП, Шоқай МП). Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 4 ауылдық мәдениет үйі,   14 ауылдық клуб бар. 2023 жылы Гродеково ауылдық мәдениет үйі мен (14,9 млн.). Ашыбұлақ ауылдық клубын ағымды жөндеу жұмыстары аяқталды (15,7 млн.). «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қызылқайнар ауылында 180 орындық мәдениет үйінің (281,2 млн.) және  Ақбұлым ауылының мәдениет үйінің (355,1 млн.)  құрылысы басталды. 2023 ж. Аса ауылынан мұражай құрылысына аудандық бюджеттен 172,2 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде (247,1 млн). Сондай-ақ, аудандық бюджеттен Аса ауылынан орталық кітапхана ғимаратының құрылысын бастауға 10 млн. теңге (жобалық құны – 381 млн. теңге) және жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысын бастауға 10 млн. теңге (жобалық құны – 250,8 млн. теңге) бөлініп отыр. 2027 жылы Түрксіб, Бесағаш, Сұлутөр, Ш. Ниязбеков ауылдарынан клуб құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудандағы кітап қоры 226,3 мың дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 152,3 мың дана немесе 66,4%. Ауданда жалпы 1 - спорт кешені, 2 - спорт мектебі, 17 - үлкен футбол алаңы, 41 - шағын футбол алаңы, 25 - балалар ойын алаңы,  18 - “Street workout” алаңшалары бар. 2023 жылы 5 елді мекенге Қаратау ауыл., Қызылдихан ауыл., Түрксіб ауыл., Аса ауыл. Ғ. Мұратбаев көш., Тоғызтарау ауыл. шағын футбол алаңшасы орнатылды (78,5 млн.). Ш. Ниязбеков ауыл. шағын футбол алаңы қоршау (12,2 млн.) және спорт алаңшасы аббаттандыру (19,1 млн.)  жұмыстары аяқталды. 3 елді мекеннің шағын футбол алаңына жасанды төсем төселінді (Жалпақтөбе, Сұлутөр, Қызылқайнар - 19,0 млн.). Сондай-ақ, 6 елді мекенге балалар ойын алаңшалары орнатылды (41,5 млн.). Олар, Түрксіб ауыл, Шайқорық ауыл., Тоғызтарау ауыл., Гродеково ауыл., Қапал ауыл., Қоңыртөбе ауыл.   млн.). “Ауыл ел бесігі” жобасы шеңберінде 2023 жылы 5 спорт кешенінің құрылысына 976,7 млн. теңге бөлініп, құрылысы аяқталуда (Айшабибі, Гродиково, Қаракемер, Өрнек). Сұлутөр ауылында салтанатты түрде спорт кешені пайдалануға берілді. Бесағаш ауыл. спорт кешінінің құрылыс жұмыстары басталды оған 222,2 млн. теңге бөлініп отыр. 2024-2026ж.ж. Тастөбе, Қызылқайнар, Ақбұлым ауылдарынан спорт кешендерінің және Ерназар, Бірлесу-Еңбек, Ащыбұлақ, Тоғызтарау ауылдарынан модульді спорт кешендерінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Аудан халқының 32,3% немесе 28 434 жастарды құрайды.  Жыл басынан бері 37 NEET жас бар, 617 жұмыссыз жас тіркелген. 146 жас бастау бизнес жобасымен оқытылды. 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынды. Ағымды жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 123 жас, ал «Мансап» орталығынан 2,5% жеңілдікпен 53 жас несие алған. Волонтерлармен ағымды жылдың 9 айында 124 жұмыс атқарылды. Қамтылған еріктілер саны 3 420 жас. Бүгінгі таңда «Жамбыл жастары» және «Ақжүрек» жастар клубы жұмыс жүргізуде, 2025 жылға дейін тағы 2 волонтерлік клуб ашып волонтерлардың санын  10 152 жасты тарту жоспарлануда. Қоғамдық тәртіпке тоқталар болсақ, бұл мәселе бізде назардан тыс қалмаған. Жалпы ауданда 42 елді мекеннің 27-нің кіре және шыға берісіне  110 бейне бақылау камералары орнатылған. 2023 жылы 8 елді мекенге 22 бейне бақылау камералары орнатылды. Қаракемер, Ерназар, Тастөбе, Қызылқайнар, Ш.Ниязбеков ауыл. учаскелік полицейлерге тұрғын жаймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін салу үшін құжаттары әзірленуде.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Жұмыс жүйелі...
Алдыңғы мақала
Жұмыс жүйелі...

Ұқсас жаңалықтар