Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл ауданындағы "Ас-Ер" мал базарында жағдай түзелді
- авторjambylinfo.kz
- 14 қараша, 2020
- 354
Жамбыл ауданындағы "Ас-Ер" мал базарында жағдай түзелді
Елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны күннен-күнге артуда. Осыған байланысты карантин талаптары қатаңдатылып, шектеу шаралары күшейтілген. Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың барлығы ел азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған. Әсіресе, індетпен күресте мобильдік топтардың жұмысы өз нәтижесін беруде. Адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға, сауда нысандарына жүргізілген рейдтерден кейін адамдар қазір сақтық шараларына кәдімгідей мән берген. Олар бұрынғыдай бейжай емес. Тәртіпке бағынып, белгіленген талаптарды орындап жүр. Әрине, бәрі емес, басым көпшілігі. Адам жанындағы адамға қарап бой түзейді десек, алдағы уақытта немқұрайлыққа бой алдырып жүрген азаматтарымыз сақтық шараларын ұстанады деген ойдамыз.
Рейд демекші, аудан әкімі аппараты жанынан құрылған шұғыл топтың жұмысы осы аптада жалғасын тапты. Күні кеше мобильдік топ мүшелері аудан аумағында орналасқан «Ас-Ер» мал базарында кезекті рет болып, ондағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылап қайтты.
Шынын айту керек, мал базарында жағдай түзелген, бұрынғыдай емес. Карантин талаптары сақталған. Онда жүрген сатушылар мен келушілер барынша әлеуметтік арақашықтықты сақтап, бетпердемен жүр. Кіреберісте тұрған базар әкімшілігінің қызметкерлері арнайы құрылғымен адамдардың дене қызуын өлшеп ішке кіргізіп жатыр. Дауыс күшейткішпен «Базарда бетпердемен жүріңіздер, арақашықтықты сақтаңыздар» деген сөздер айтылуда.
Расында, күнделікті ұйымдастырылатын рейдтердің нәтижесі көңіл көншітеді. Жергілікті тұрғындар сақтық шараларына бой үйреткен. Бұрынғыдай немқұрайлы жүрмейді. Қайта тәртіпке бағынып, талаптарды орындап жүр. Бұл өз кезегінде індеттің таралмауына септігін тигізеді. Ең бастысы да осы.
Ильяс Қалыбеков,
«Шұғыла»
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Оқушылар ІІ тоқсаннан бастап дәстүрлі оқуға көшеді
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталған азаматтар оқу-ағарту курстарынан өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024