жұма, 27 желтоқсан, 2024 6:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облыстық ардагер кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті

Жамбыл облыстық ардагер кеңесінің кеңейтілген төралқа отырысы өтті
Сурет: jambylinfo.kz
Жиынға облыстың барлық аудандарындағы ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты

Кеңейтілген отырыста ардагерлердің тұрмысын, оларға қызмет көрсетудің мәдени-тұрмыстық, медициналық, әлеуметтік және басқа түрлерін жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар айтылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев өңірде ардагерлер, аналар, әжелер, әкелер кеңесінің атқарған жұмысын айта келе, өскелең ұрпақты тәрбиелеп, өнеге көрсету жолындағы игі істер жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ, кеңесте  Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің «Ардагерлердің тұрмыс жағдайын, оларға қызмет көрсетудің мәдени-тұрмыстық, медициналық, әлеуметтік және басқа түрлерін жақсартуға бағытталған жұмыстары жөнінде» атқарып отырған жұмыстары айтылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев хабарлағандай, 5264 зейнеткер есепте тұратын Сарысуда қариялардың шипажайларға барып, денсаулықтарын сауықтыруға,  денсаулық сақтау мекемелерінде емделуіне мүмкіндігінше жағдай жасалған.

«Жергілікті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтары бойынша  зейнет жасындағы 18 адамға әлеуметтік жәрдем берілді. Соның ішінде 2023 жылы 2 қариямызды, биыл 1 қариямызды шипажайға субсидия бойынша жібереміз. Сонымен қатар, зейнет жасындағы 28 азамат әртүрлі бағытта жәрдем алды»,- деді Жанат Жұмаділдаев.

Сонымен қатар, төралқа отырысына Сарысу аудандық ішкі саясат,  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қатысты. Сарысу аудандық аураханасының бас дәрігері Айнұр Каликова  ардагерлердің белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламасы бойынша және жәрдем беру ісінде біраз жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«2023 жылы 3 ардагерді Алматы қаласындағы әскери госпитальға жіберілді. 4 адама Бурабайға жөнелтілді. 37 қария Айша Бибі шипажайында ем қабылдады. Биыл 4 айдың ішінде 6 ардагер аудандық ауруханада емделді. Сонымен қатар біз «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында біршама жұмыс атқарып жатырмыз,- деді Айнұр Каликова.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар