Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысы аумағында барлық жолдар ашылды
- авторМағжан Орынбасар
- 9 қаңтар, 2025
- 722

Бұған дейін ауа райына байланысты күрежолдар жабылған еді
Жамбыл облысы аумағында барлық жолдар ашылды, деп жазады Jambylinfo.kz
Ауа райының нашарлап, қалың қар мен желдің күшеюі салдарынан жолдың көрінуінің шектелуіне байланысты 8 қаңтар сағат 20.00-ден бастап жаңа Қордай асуында барлық көліктер үшін жол жабылғанын полиция департаменті хабарлаған еді. Атап айтқанда, «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолының 159-шақырымынан (Отар ауылы) 238-шақырымына дейін (Қайнар ауылы).
Көлік құралдары Тараздан Алматы қаласына ескі Қордай асуы арқылы өткізілген.
Дегенмен, қазір облыс аумағындағы барлық жол ашылды.
- Жамбыл облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілеріне аса қажеттілік болмаған жағдайда алыс жолға шықпауды ескертеді!,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 43°С-қа дейін аптап ыстық болады
- авторБақытжан Бекболат
- 14 шілде, 2025