жексенбі, 23 маусым, 2024 5:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Сурет: jambylinfo.kz
Қайрат Көшенов бұған дейін АШМ-да жұмыс істеген

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Көшенов Қайрат Есенұлы Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.


Қайрат Көшенов 1984 жылы дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласындағы «Сулпак» ЦРТК» ЖШС-де мерчендайзер болып бастаған. Әр жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Ақмола облысы, Еңбекшілдер аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы, Ақмола облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы салаларын дамыту басқармасының басшысы қызметін атқарды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар