Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2020
- 310
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әсет Қалиев Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Қалиев Әсет Әскербекұлы 1974 жылы туған, біліміжоғары.
1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпиталдық хирургия кафедрасының клиникалық ординаторы ретінде бастаған. Әр жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспиранты және Ақтөбе қаласы жедел жәрдем ауруханасының хирург дәрігері, бәлім меңгерушісі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің хирургия кафедрасының ассистенті болып еңбек еткен.
2008-2014 жылдары Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бас маманы (бас хирургы), бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2014 жылы Ақтөбе облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалған.
2020 жылғы шілдеден бастап Жамбыл облысы әкімінің денсаулық сақтау мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымында қызмет атқарып келді. Медицина ғылымдарының докторы.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда облыс әкімінің мерекелік шыршасы өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 25 желтоқсан, 2024