сейсенбі, 7 мамыр, 2024 13:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановтың анасын құттықтады

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек «Халық қаһарманы» Мейіржан Аймановтың анасын құттықтады
Jambylinfo.kz
Жамбыл обысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінде Байзақ ауданындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан «Халық қаһарманы» Айманов Мейіржан Қақпасынұлының анасы Айткүл Аймановаға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жүздесуде облыс әкімінің орынбасары батырдың анасының хәл-ахуалын сұрап, мерекеге орай гүл шоқтарын сыйлады.

Әбілхайыр Тамабек өз сөзінде алтын құрсақты аналардың барлық құрметке лайық екендігін атап өтіп, мерекеге орай құттықтау сөздерін арнады.

Халық қаһарманының анасы Айткүл Айманова да шын ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тіледі

Айта кетейік, Айткүл Айманова Тараз қаласындағы өрт сөндіру бекетінде диспетчер қызметін атқарған. Бүгінгі таңда зейнеткер. 2 ұлы, 9 немересі бар.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жойқын жарылыс болды. Жамбыл облысындағы жарылыстан 13 қаза тапқан. Соның ішінде Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Айманов та бар еді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар