Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысы тұрғындарының орташа жалақысы - 203 мың теңге
- авторjambylinfo.kz
- 14 қазан, 2021
- 246
Жамбыл облысы тұрғындарының орташа жалақысы - 203 мың теңге
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың екі тоқсанында орташа айлық жалақы 203,8 мың теңгені құрап, атаулы көріністе 25,8 пайызға өскен. Жиынға бейнеконференция режимінде қатысқан аудан әкімдері жыл қорытындысымен кемшіліктерді түзететіндіктерін жеткізді. «Көрсеткіштер жаман емес. Бірақ сіздер әлі де жұмысты күшейте түсу керексіздер. Экономикалық көрсеткіштер жүз пайыздан жоғары және орташа республикалық көрсеткіштен төмен болмауы тиіс. Біздің міндетіміз – өңірдің экономикалық даму қарқынын бәсеңдетпеу. Ешқандай сылтау қабылданбайды. Аудан әкімдері, басқарма басшылары күн сайын негізгі экономикалық индикаторлардың орындалуын талдап отыруға міндетті. Жыл аяқталуға жақын, кемшіліктерді тез арада жою керек», - деді облыс әкімі. Өңір басшысы экономиканың өсу қарқынын арттыру, инвестициялар тарту және жұмыс орындарын құру, азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Бұдан соң баяндама жасаған қаржы басқармасының басшысы Жақсылық Сапаралиев бюджет кірістері 4 пайызға ұлғайып, 334,1 миллиард теңгені құрағанын хабарлады. Өзіндік кірістер 70,7 миллиард теңгені құрап, 22,5 пайызға артқан. 341,1 миллиард теңге игерілсе, бұл жалпы қаражаттың 99,8 пайызын құрайды. Бюджетті игеруде Шу және Жуалы аудандары сылбырлық танытып отыр.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала