Жамбыл облысында 10-14 жас аралығындағы балаларға арналған зияткерлік суреттер конкурсы жарияланды
- авторjambylinfo.kz
- 3 сәуір, 2024
- 1.1k
Жамбыл облысында 10-14 жас аралығындағы балалар арасында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбында үздік сурет байқауы жарияланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұл туралы Жамбыл облысы Әділет департаментінен хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтауға қолайлы жағдай жасау, контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, сондай-ақ контрафактілік өнімдерді тарату проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Антиконтрафакт» республикалық акциясын бастамақ.
«Аталған акция аясында 2024 жылғы1-10 сәуір аралығында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы 10 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған үздік сурет байқауы өтеді. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – аймақтық кезең, Онда Жамбыл облысы Әділет департаменті құжат қабылдау аяқталғаннан кейін 2024 жылдың 12 сәуірінде балалардың суреттерін комиссиядан өткізіп, бір үздік жұмысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жібереді», - деп хабарлайды Әділет департаменті.
Екінші кезең – республикалық кезең, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде өтеді. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 2024 жылдың 19 сәуірінде өтеді деген жоспар бар.
«Қатысушылар өтінімге сурет пен баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін қоса биыл 10 сәуірден кешіктермей Тараз қаласы Төле би даңғылы, 55 мекен-жайында орналасқан Әділет департаментіне немесе электрондық түрде g.kuatbekov@adilet.gov.kz, ye.baimoldayev@adilet.gov.kz электрондық мекен-жайларына ұсынуға болады», - деп хабарлайды Әділет министрлігі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз