Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 2 адам түйнеме жұқтырып алды
- авторjambylinfo.kz
- 23 шілде, 2021
- 259
Жамбыл облысында 2 адам түйнеме жұқтырып алды
Жамбыл облысы Талас ауданында сібір жарасының 2 жағдайы тіркелді.
Қостанай облысында ірі қара мал қарасан болып, бір ауыл карантинге жабылды Маусым-шілде айларында аптап кезінде Жамбыл облысында аса қауіпті жұқпалы ауруды тасымалдаушылар мен қоздырушылардан зардап шегудін 2 жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Өңірде 257 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген. Оның 159-ы - 14 жасқа дейінгі балалар. Алайда, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе аз болғанымен, әр тұрғын жеке бастың сақтық шараларын сақтауды есінен шығармауы тиіс» делінген хабарламада. Кене шағу бойынша биыл Тараз қаласының аумағында - 143, Байзақ ауданында - 29, Сарысуда – 28, Мойынқұмда – 15, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл аудандарында - 9, Қордайда – 7, Таласта – 6, Меркіде – 2 жағдайдан анықталып отыр. Улы жәндіктен зардап шеккендер 14 күн медициналық бақылауда болуы тиіс. Бүгінде кенеден зардап шеккен 257 адамның 188-і аталған мерзімнің өтуіне байланысты бақылаудан алыныпты. «Биылғы жылдың өзінде қора-жайлар мен төрт түліктен арнайы бригаданың көмегімен 28 509 астам жәндік алынып, тексеруге жіберілген. Зерттелген 2595 кененің 52-сінен қырым қанды қызбасының белгілері табылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024