Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 200-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2021
- 231
Жамбыл облысында 200-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды
Жамбыл облысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықты болдырмауға бағытталған рейдтер өтті.
Таразда мас күйінде төбелескендер камераға түсіп қалған Шу ауданында 2 тоннаға жуық жабайы қарасора өртелді Жамбылдық тұтынушыларға жылу үшін 30 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады Жамбылда есірткіні жарнамалайтын 650-ден астам граффити өшірілді Бір апта ішінде ішкі істер органдарына 113 кәмелетке толмаған бала жеткізіліп, 226 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нақтырақ айтсақ, бір аптада алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша 10 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 113 заңды өкіл ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша жазаланды. «Сондай-ақ, 130 өзге де қоғамдық тәртіп бұзушылық анықталды. Апталық жұмыспен өтеу барысында профилактикалық есепке 4 кәмелетке толмаған және 12 кәмелеттік жасқа толмаған бала тұратын сегіз қолайсыз отбасы қойылды. КБО-ға бес жасөспірім орналастырылды. Кәмелетке толмағандарды құқыққа қарсы ортаға тартуға жол бермеу мақсатында аталған іс-шаралар күшейтілетін болады», - деп хабарлады Полиция департаменті Жергілікті
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала