сәрсенбі, 27 қараша, 2024 11:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 2021 жылы – экономикалық өсім 105,8 %

Жамбыл облысында 2021 жылы – экономикалық өсім 105,8 %
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында 2021 жылы – экономикалық өсім 105,8 %

Жамбыл облысында өткен жылы Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары толығымен орындалып, мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде экономиалық өсім 105,8 пайызды құрады. Бұл туралы  облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде айтылды.

Облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары, қала, аудан, ауылдық округ әкімдері қатысқан басқосуда 2021 жылдың қорытындысы қаралып, алдағы міндеттер нақтыланды.

- Мемлекет басшысының қолдауымен біз өткен жылы алдыңғы жылмен, республикалық көрсеткіштермен салыстырғанда барлық бағыттарда өсім қамтамасыз еттік.  Өнеркәсіп өндірісінің көлемі  622,5 миллиард теңгені құраса, 400 миллиардтан астам инвестиция тартылды.

Атқарылған жұмыс аз емес, дегенмен кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды саралап, олардан сабақ алуымыз керек.

Қаңтар оқиғаларының салдарын жою бойынша жүйелі жұмыс жасап, алдағы уақытта ондайға жол бермес үшін  Ел Президенті жүктеген барлық міндеттердің жүзеге асуы бақылауда болады.

Жастар тәрбиесі, қоғамдық тәртіпке баса көңіл бөлу қажет. Жаңадан құрылған «Қоғамдық қабылдау» жұмысында нәтижелі ұйымдастыру маңызды,-деді Б. Сапарбаев.

Бұдан соң баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет өткен жылы  704,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін жеткізді. 76 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қолға алынып, оның 41-і тапсырылды.  Бұдан бөлек, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға 2020 жылы 99 үй, 2021 жылы 134 үй салынып берілген.

- Геопартал жүйесін енгізуді жеделдетіңіздер. Әрбір елді мекеннің жеке паспортын жасап, бос жер, жайылымдарды анықтау бойынша жұмыстарды аяқсыз қалдырмаңыздар. Бұл мәселені айтып келе жатқанымызға біраз уақыт болса да, түбегейлі нәтиже қол жеткізген жоқпыз. Жайылым, суармалы су халықтың көңіл-күйіне әсер етуші негізгі факторлар.

Кейбір елді мекендерге газ тартылғанымен, ол ауылдағы әлеуметтік нысандар әлі күнге көмір жағып отыр. Бұл осы бағытта бақылаудың нашар екенін көрсетеді.

Мемлекет қаржысын тиімді жұмсау үшінбірыңғай жобалық-сметалық құжаттарды дайындау керек,-деді Б. Сапарбаев.

Балнұр Жошыбаева.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар