сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 21:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды

Жамбыл облысында 218 борышкердің автокөлгі айып тұрағына қойылды
Фото: gov.kz
Жамбыл облысында "Борышкер-2025" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Жамбыл облысында «Борышкер -2025» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара айыппұлды дер кезінде өндіріп, бұқараға әкімшілік айыппұлды уақытылы өтеу қажеттігін түсіндіруге бағытталған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолда өткізілген рейдтік іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры негізінде автокөліктердің нөмірін тексерген. Тексеру барысында көлік жүргізуші сол тізімнен табылса, автокөлікті қарыз өтелгенге дейін айып тұрағына қою міндеттелген.

«Рейдтің екі күнінде өндірілген сома 34 миллион 901 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 1429 мекенжайлары бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған айып тұрағына 218 борышкердің автокөлігі қойылды», дейді Жамбыл облыстық ПД ӘПБ бастығының орынбасары Ержан Мананбаев.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар