сейсенбі, 3 наурыз, 2026 16:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 300-ден астам жасөспірім түнде қыдырып жүрген

Жамбыл облысында 300-ден астам жасөспірім түнде қыдырып жүрген
Фото - ашық дереккөз
Жамбыл облысында өткен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері бірқатар құқық бұзушылықтарды анықтады

Үш күн ішінде полиция бөлімшелеріне түрлі заң бұзушылықтар жасаған 395 кәмелетке толмаған жеткізілді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған төрт жасөспірім Облыс әкімдігі жанындағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Рейд барысында ата-аналардың және ойын-сауық орындары иелерінің жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 51 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың болуына жол берген 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында заңды өкілін ертпей, беймезгіл уақытта өзі жүрген 313 жасөспірім және түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 22 кәмелетке толмаған анықталды.

Сондай-ақ 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімін сатқаны үшін 9 адам жауапкершілікке тартылды. Жасөспірімдер жасаған ұсақ бұзақылық деректеріне байланысты 10 ата-анаға әкімшілік шара қолданылды.

Ювеналдық полиция қызметкерлері 21 кәмелетке толмағанды және 23 қолайсыз отбасын профилактикалық есепке қойды.

Өткізілген іс-шаралардың негізгі мақсаты — жасөспірімдер қылмысының алдын алу, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. 

Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар