Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 31,6 мың гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 464
Жыл соңына дейін жер ресурстарын басқару департаменті 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарлап отыр.
2025 жылдың бірінші жартысында мақсатсыз пайдаланылған немесе заң талаптарын бұза отырып пайдаланылған жерлердің жылдық жоспардың үштен бірінен астамы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл – 174 учаске, оның ішінде 8,1 мың гектар егістік және 22 мың гектардан астам жайылым жерлер.
Жерлердің бір бөлігі сот арқылы қайтарылады. Мәселен, жалпы аумағы 5,5 мың гектар болатын сегіз учаске сот шешімімен алынған, ал 4,6 мың гектар жерге қатысты екі іс қаралу үстінде.
Бұдан бөлек, қосымша экономикалық шаралар аясында 8,3 млн теңге есептелді – бұл пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын қосымша салық, сот шешімдері бойынша өндірілетін сомалар және жерді бүлдіруден келген залалды өтеу.
Келесі мақала
Алдағы күндері нөсер жауып, күн салқындайды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






