Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 38 ұйым арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 тамыз, 2025
- 464
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысында бүгінгі таңда 38 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым лицензияға ие. Оның ішінде 22-сі – мемлекеттік, 16-сы – үкіметтік емес ұйым, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірде жалпы 4 317 адам арнаулы әлеуметтік қызмет алады.
Лицензияланған ұйымдардың 7-еуі толық стационар, 15-і жартылай стационар, 4-еуі уақытша болу орталығы, ал 14-і үй жағдайында қызмет көрсетеді.
Белсенді үкіметтік емес ұйымдар қатарында «Мүгедектігі бар жастар қоғамы», «Сезім мүгедектер қоғамы», «Жамбыл облысы мүгедектерді әлеуметтік қорғау» ұйымдары, сондай-ақ «Элай-Құлан», «Амина», Жуалы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестіктері бар.





