сәрсенбі, 9 сәуір, 2025 18:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 486 қызметкердің еңбек құқығы қорғалды

Жамбыл облысында 486 қызметкердің еңбек құқығы қорғалды
Фото - ашық дереккөз
Оның ішінде денсаулық сақтау саласының мамандары да бар

2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялануына байланысты Жамбыл облысының прокурорлары еңбек заңнамасының сақталуын қадағалауды күшейтуде,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мысалы, Жамбыл ауданының прокуратурасы 2024 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында орталық аудандық аурухананың 700 қызметкерінің 118 млн теңгеден астам сомаға міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмағанын анықтаған.  

- Осы тектес бұзушылықтарды Байзақ ауданының прокуратурасы «Байзақ су» ШЖҚ КМК мекемесінде анықтады, онда 2024 жылы 5 млн теңге сомасына 141 қызметкерге зейнетақы төлемдері жүргізілмеген. Сондай-ақ, Байзақ ауданының 5 мемлекеттік мекемесінде және 81 кәсіпкерлік субъектісінде 227 қызметкердің құқықтары бұзылған.   Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 486 қызметкердің зейнетақы жарналары аударылды, сондай-ақ кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.   Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар