сейсенбі, 26 қараша, 2024 21:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді

Жамбыл облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында ҚАЖД бастығы сотталғандарға жеке қабылдау өткізді
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев қатаң режимдегі түзеу мекемесінде сотталғандарға жеке қабылдау өткізді. Нияз Қанатұлының төрағалығымен өткен жеке қабылдауға облыс прокуратурасының 5-ші басқарма бастығы әділет кеңесшісі Өсер Арынтаев, оның орынбасары Ғалым Қонақбаев, облыстық Ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Гусейналы Гусейнов және қоғамдық бақылау комиссияның төрағасы Дмитрий Халидов қатысты. Жеке қабылдау барысында сотталғандар негізінен заң талаптарын түсіндіру және құжаттандыру және жеке мәселелері бойынша жүгінді. Жазасын өтеушілерді шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жұмысқа орналастыру, жазаны өтеу тәртібіне қатысты мәселелер қызықтырды. Бұдан бөлек, қабылдауда колония қызметкерлерінің жазаларды орындау саласындағы заңнамаларды және сотталғандардың құқықтарын мүлтіксіз сақтауына баса назар аударылды. Кездесу соңында Нияз Қанатұлы келіп түскен ұсыныс-тілектердің барлығын назарға алып, бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандардың жағдайын жақсартуды оңтайландыру бойынша түзеу мекемелерінің басшылырына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар