Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 ақпан, 2026
- 210
23 ақпанда Жамбыл облысында ауа райының құбылмалы болуы күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, өңірдің кей аумақтарында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Солтүстік-батыстан жел соғады. Түнгі уақытта облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетеді деп болжануда. Ал күндіз жел күшейіп, әсіресе таулы аймақтарда 15–20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал.
Тараз қаласында да тұман күтіледі
23 ақпанда Тараз қаласында да кей уақыттарда тұман түсіп, жол қозғалысына қиындықтар туғызуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге барынша сақ болу ұсынылады.
Келесі мақала
Алматының апорты енді премиум брендке айналмақ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Конституция» есімді тараздық тұрғын референдумға қатысты
- авторБақытжан Бекболат
- 15 наурыз, 2026





