Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында діни радикалдар ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2025
- 700

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді
ҰҚК полициямен бірлесе және прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҰҚК мәліметінше, терроризмді, оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы насихаттады деген күдікпен 3 адам қамауға алынған.
"Екі фигурант бұрын денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, қарақшылық жасағаны, есірткі заттарын заңсыз алғаны және сақтағаны үшін сотталған. Тағы біреуі бұрын шетелдік содырлар лагерлерінде дайындықтан өтіп, Қазақстанға тапсырмамен оралған, сонда ұсталып, сотталған. Ұзақ мерзімді жазасын өтеп бостандыққа шыққаннан кейін де радикалды идеологиядан бас тартпаған", - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты поэзиялық кеш өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 тамыз, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында 120 орындық студенттік жатақхана ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 тамыз, 2025