жексенбі, 24 қараша, 2024 21:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты

Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты
Жамбыл облысында эпизотиялық ахуал тұрақты. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов айтты.   Ауыл шаруашылығының алға жылжуында мал дәрігерлері мамандарының маңызы жоғары. Олардың қатысуымен аймақта түрлі аурулардың алдын алу бойынша жұмыстар қолға алынған.   - Облыстық әкімдікке қарасты ветеринария басқармасының Тараз қаласы мен аудандардағы ветеринария ұйымдары мемлекеттік тапсырыс бойынша 16 аса қауіпті эпизоотиялық және энзоотиялық ауруларға қарсы профилактикалық іс-шараларды жүргізеді. Сондай-ақ, 25 ауруға қарсы диагностикалық іс-шараларды жүргізуге биологиялық сынамалар алып, ветеринариялық зертханаға жеткізеді. Биыл эпизоотиялық іс-шараларға 2,4 млрд және энзоотияға қарсы 250 млрд теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жоспар бойынша жүруде, - деді Е.Жиенқұлов.   Бүгінде облыста барлығы 11 ветеринариялық станциялар мен 160 ветеринариялық бекет бар. Штат саны 1205 қызметкер. Ветеринариялық станциялар аудандық деңгейде болғанда ветеринар мамандарының айлық жалақысы орташа есеппен 60-80 мың теңге болған, облыстық ветеринария басқармасына тікелей бағынысты болғалы олардың айлық жалақысы 110-120 мың теңгеге өсіпті.   Сондай-ақ, басқарма басшысы аудандарда жеке кәсіпкерлермен қамтылған мал дәрігерлік дәріханалардың саны 54 екенін айтып өтті. Олардың барлығы қала, аудан орталықтарында орналасқан. Ауылдарда мал емдейтін клиникалар болмағандықтан ветеринариялық пункттерге ауыл тұрғындарына қолайлы болу үшін ауылдардан мал емдейтін 99 кішігірім клиникалар ұйымдастырылған.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар