Жамбыл облысында «Есірткісіз болашақ!» атты балалар акциясы өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 шілде, 2025
- 635
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы "Жұлдыз" жазғы балалар лагерінде "Есірткісіз болашақ!" ұранымен есірткіге қарсы бағытталған ауқымды акция өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Балалар үшін арнайы дайындалған мазмұнды бағдарлама спорттық, шығармашылық және танымдық бағыттарды қамтыды. Лагерь аумағында қыздар мен ұлдар арасында волейбол, ал ұлдар арасында футбол турнирі өткізілді. Сонымен қатар, өзен жағасында сурет салу байқауы ұйымдастырылып, балалар шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Акцияның танымдық бөлігі киіз үйде өткен дәріспен жалғасын тапты. Мұнда балалар салауатты өмір салты, есірткінің зияны туралы маңызды ақпарат тыңдап, мамандармен ашық пікір алмасты.
Іс-шара аясында балалар ұлттық дәстүрлермен танысып, домбыра тартып, өнерлерін ортаға салды. Осылайша, акция жас буынға пайдалы өмірлік бағыт беруді, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат етті.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 желтоқсан, 2025
Байзақ ауданы сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2025






