Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында химия саласында 7 инвестициялық жоба іске асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 6 мамыр, 2025
- 143

Биылдың қаңтар-наурыз айларында химия өнеркәсібі саласында 88 млрд теңгеге өнім өндірілген
Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі химия өнеркәсібінің дамуы туралы баяндады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында химия өнеркәсібі саласында 88 млрд теңгеге өнім өндірілгенін, нақты өсу көлемі 133%-ды құрағанын атап өтті.
«Осы жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша химиялық өнімнің экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 есе өсті. Жамбыл облысының химия саласында жалпы сомасы шамамен 900 млрд-қа жуық теңгеге 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда», — деді Ербол Қарашөкеев.
Келесі мақала