дүйсенбі, 25 қараша, 2024 14:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды

Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары басталды
Аймақ басшысы болжамды көрсеткіш бойынша биыл да суармалы су мәселесі туындайтынын ескертіп, ол бойынша алдын-ала нақты шаралар қабылдау үшін тиісті тапсырмалар берілгендігін атап өтті. «Мен бұған дейін қоймаларды барынша су қорымен толықтыру, ол үшін канал, арықтарды тазалау, жер асты суларын тиімді пайдалану, ұңғымалар қазу секілді нақты тапсырмалар берген болатынмын. Ылғалды аз қажет ететін дақылдарға көңіл бөліңіздер. Қолда бар суды үнемді, тиімді пайдалану үшін қазірден арнайы кесте әзірлеп, бекіту керек. Қай аудан қанша жерге не егеді? Сол бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіңіздер»,-деген аймақ басшысы аудандардағы жұмыстарды өзі барып тексеретінін баса айтты. Орынбасарлары мен тиісті басқарма басшыларына да әрбір канал мен қоймалардың, егістік алқаптардың жай-күйін көзбен көруді тапсырды. Облыс әкімі судың далаға кетпеуін, қазірден жайылым, шабындықтарды суара беру керектігін жеткізді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов баяндама жасап, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 741,2 мың гектарға орналастыру жоспарланып отырғандығын айтты. «Судың түсу көлемі және ішкі су көздерінің толу көрсеткіші қажетті деңгейден төмен болған жағдайда 741,1 мың гектардың ішінде суды көп қажет ететін дақылдарды суды аз қажет ететін дақылдармен алмастырылатын болады. 179,2 мың суармалы алқапта орналасатын дақылдарға талдау жасалынып, қажетті су көлемі есептелді. Су жиналу деңгейі өткен жылғыдай болған жағдайда «ҚазСуШар» мекемесінің теңгеріміндегі су қоймалары арқылы 1 млрд. 358,0 млн.м3 су беру жоспарлануда. Ал бүгінгі күнге төмен деңгейдегі су түсуін ескерсек 1 млрд. 148 млн.м3 сумен қамту көзделуде»,-деді Е. Жиенқұлов. Ербол Жиенқұлов өңірде көктемгі дала жұмыстары басталғандығын, Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында жер жыртылып, арпа егу шаралары қолға алынғандығын атап өтті. «Егістік алқапты кемітуге болмайды, барынша арттыру керек. Мол өнім алу үшін ең бірінші тұқымның сапасына, оны талдап-тексеруге көңіл бөліңіздер. Тыңайтқыштарды тиімді пайдалану бойынша жұмыстар нашар орындалуда
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар