Жамбыл облысында карантин талаптары өзгерді
Жамбыл облысы аумағында әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметін шектеу іс-шараларын жүргізу осы қаулымен белгіленген «сары» аймаққа арналған 1, 2-қосымшаларға сәйкес қабылданады», - деп жазылған құжатта. Аталмыш №1 қосымшада «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары көрсетілген. 1. «Сары» аймақтағы орналасқан мына нысандарда келушілер санын 70%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат беріледі: - Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар - Бильярд - PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар - Боулинг - Цирктер - Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), банкет залдары (мейрамханалар мен дәмхана типі бойынша қызмет көрсету). 2. «Сары» аймақтағы орналасқан мына нысандарда бір келушіге кемінде 4 шаршы метр алаң ұсына отырып жұмыс істеуге рұқсат беріледі: - Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар - Букмекерлік конторалар - Балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары. Қаулының №2 қосымшасында «жасыл», «сары», «қызыл» аймақтардың үшеуінде де шектеусіз жұмыс істейтін нысандар тізімі берілген. Олар: - Салтанатты, ас беру, отбасылық іс-шараларды (банкеттер, ас беру) өткізу - Конференциялар, форумдар, адамдар көп жиналатын ойын-сауық және өзге де іс-шаралар - Көрмелер - Марафондар (ашық ауада) - Көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар - Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығуларды қоса алғанда), фитнес-орталықтары, йога-орталықтары - Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық етуді өткізу) - Ойын клубтары (казино) - Түнгі клубтар - Караоке - Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда алаңы 1000 ш.м-ден асатын (азық-түлік емес) сауда желілері - Сауда алаңы 6000 ш.м-ден асатын (азық-түлік) сауда желілері - Бассейндер. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.
Бағжан Әуесбекова.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала