жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында әлеуметтік көмек көрсету жүйесі тиімділігін арттырды

Жамбыл облысында әлеуметтік көмек көрсету жүйесі тиімділігін арттырды
Ашық дереккөз
Жамбыл облысында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін белсенді шараларға тарту жұмыстары жалғасуда.

2025 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша шартты көмек алушылар арасында еңбекке қабілетті 3 838 адамның 2 967-сі жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіш индикаторлық жоспардан да жоғары болып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жалпы жылдық жоспар 82,5 пайыз деңгейінде бекітілсе, алты айда межеленген жоспар 68 пайызды құраған еді. Есепті кезең қорытындысы бойынша көрсеткіш 77,3 пайызға жетіп, жоспар артығымен орындалды. Бұл әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін дәлелдеп отыр.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеу бойынша ішінара зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталған.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар күшейтіліп, заң талаптарын қатаң сақтау қадағаланады. Сонымен бірге, әлеуметтік қолдаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету басты назарда болмақ.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар