Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй қоры ұлғаюда
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 488
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
2025 жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлінді. Жоспар бойынша 1 415 пәтер сатып алынбақ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бүгінгі күнге дейін республикалық бюджет есебінен 50 пәтер (Байзақ ауданында – 30, Қордай ауданында – 20) сатып алынды. Қосымша 48 пәтер (Меркі – 30, Жамбыл ауданы – 18) сатып алу конкурсына ұсынылды.
Қазіргі таңда 1 127 пәтердің құрылысы жүріп жатыр, ал 190 пәтердің құрылысы әлі басталмаған (оның ішінде 10 пәтер – республикалық бюджет, 180 пәтер – облигация есебінен).
Мамандардың айтуынша, биылғы тұрғын үй бағдарламасы өңірдегі баспанаға мұқтаж аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда идеология саласы бойынша алқа мәжілісі өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қаңтар, 2026




