Жамбыл облысында неміс инвесторының құқығы қорғалды
- авторjambylinfo.kz
- 23 мамыр, 2024
- 532
Жамбыл ауданында 100 жұмыс орнын ашумен 14,5 млрд теңгеге «Гипсокартон және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауытының құрылысы» ірі жобасын іске асыруды бастаған «КнауфГипсТараз» ЖШС неміс-қазақстандық өндірушісі жер учаскесін алу проблемасына тап болды, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасай отырып.
Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі инвесторға зауыт салу және теміржолға қызмет көрсету үшін қосымша 20 гектар жер беруден заңсыз бас тартқан.
«Жамбыл ауданы прокуратурасының енгізілген қадағалау актісінің нәтижелері бойынша жер алу мәселесі оң шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Фронт-офис аясындағы жұмыс жалғасып жатыр», - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024