жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында қоғамдық көлік қызметтері мен әуе қатынасы кеңейіп келеді

Жамбыл облысында қоғамдық көлік қызметтері мен әуе қатынасы кеңейіп келеді
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

   2025 жылы өңірде жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша 155 автобус маршруты ұйымдастырылған, оның ішінде:
    •    13 – облысаралық,
    •    27 – ауданаралық,
    •    72 – ауданішілік және ауылішілік,
    •    43 – қалалық бағыттар.

Әлеуметтік маңызы бар 117 маршрутты субсидиялауға 6,8 млрд теңге бөлінді. Тараз қаласы бойынша қоғамдық көлік қызметін 8 тасымалдаушы мекеме көрсетіп, 360 автобус күнделікті желіде қызмет атқаруда.

2025 жылы:
    •    10 жаңа автобус маршруты ашылды (8 ауданішілік, 2 қалалық);
    •    8 елді мекенді қамтитын 4 маршрут ашу,
    •    Тараз қаласында қосымша 3 маршрут ашу жоспарланған.

Автопаркті жаңарту аясында 35 жаңа автобус жеткізілді, жыл соңына дейін тағы 72 автобус жеткізіледі.

Сонымен қатар, “Халықаралық Әулие-ата әуежайынан” Астана, Алматы және Атырау бағыттарына тұрақты рейстер орындалады. Билет бағасы:
    •    Тараз – Алматы: 
    •    Тараз – Атырау: 

   Тараз - Астана рейстері коммерциялық бағыт ретінде жұмыс істеуде.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар