жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында оқушы пневматикалық мылтықпен досын жарақаттады

Жамбыл облысында оқушы пневматикалық мылтықпен досын жарақаттады
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы
Қаулы заңды күшіне енді.

 Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жасөспірім пневматикалық қарумен абайсызда досын жарақаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  baq.kz сілтеме жасап. 

Жасөспірім достарымен бірге әкесінің пневматикалық мылтығын алып, аулада бөтелкелерді атып "жаттығу" өткізген. 

Алайда, оның айтуынша, бір оқ кездейсоқ атылып кеткен. Жәбірленуші нысананы түзеп жатқанда, ол шүріппеден саусағын алып үлгермеген. Оқ тура досының жақ сүйегіне тиген.

Абырой болғанда, жарақаты ауыр болмаған. Жәбірленуші сотта еш шағымының жоқ екенін айтты. Ал жасөспірім кінәсін мойындап, өкініш білдірген және ешкімге қасақана зиян келтіргісі келмегенін түсіндірген.

Криминалистің қорытындысы бойынша, "Cometa 300" маркалы пневматикалық қару спорттық жаттығу үшін арналған және атыс қаруы болып есептелмейді.

Жасөспірімнің кінәсі хаттамамен, қатысушылардың түсініктемелерімен, жәбірленушінің сөзімен және өзге де дәлелдермен расталған.

Кәмелетке толмаған айыпталушы кінәні толық мойындап, шын ниетімен өкініш білдірді. Қасақана әрекет болмағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескерілді. Нәтижесінде жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігі (қаруды заңсыз пайдалану) бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК — 39 320 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл кәмелетке толмағандар үшін мүмкін болатын ең төменгі мөлшер, - деп хабарлады Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі.

Қару иесіне, яғни жасөспірімнің әкесіне қайтарылды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар