дүйсенбі, 29 желтоқсан, 2025 20:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерге қатысты рейдтер басталды

Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерге қатысты рейдтер басталды
Фото: Жамбыл облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мен полиция қызметкерлері Тараз қаласының базарлары мен сауда орындарында бірлесіп тексеріс жүргізді.

Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату мен қауіпсіздік талаптарын бұзудың алдын алу мақсатында профилактикалық рейдтер басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Рейд барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың бірнеше фактісі анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылды.

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мерекелік күндер қарсаңында тұрғындар мен қонақтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және пиротехникалық өнімдерді тек лицензияланған сауда орындарынан сатып алуға шақырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар