Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады
- авторjambylinfo.kz
- 9 сәуір, 2024
- 503
Аймақ басшысы тамшылатып суару жүйелерін шығару алаңына барды. «KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы жобаға 6 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Мұнда барлығы 30 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ербол Қарашөкеев зауытты сәуір айының аяғына дейін іске қосуды тапсырды.
Вегетациялық кезеңде ылғал тапшылығын азайтуда су үнемдеу технологияларының маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі кәсіпорынға тиісті қолдаулар көрсету жалғасатынын жеткізді. Бүгінде жергілікті және еліміздің өзге де өңірлерінің шаруаларынан тапсырыстар түсе бастаған.
Сондай-ақ, Ербол Қарашөкеев «Ғимарат-Темірбетон» ЖШС-нің өндірістік қызметімен танысты. Зауыт жылына 75 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын (100 түрлі) шығарады. Кәсіпорында 250 адам жұмыспен қамтылған.
Кәсіпорын өңірдің құрылыс индустриясын дамытуда, тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда маңызды рөлге ие.
Аймақ басшысы мемлекет тарапынан өндіріс саласына жан-жақты қолдаулар қарастырылғанын, сондай-ақ, облыс аумағында жергілікті өндірушілердің тауарларына деген сұранысты арттыру керектігіне баса назар аудартты.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз