сейсенбі, 29 сәуір, 2025 16:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
Фото: Jambylinfo.kz
8 сәуір күні өңір тұрғындарының қатысуымен бірнеше тазалық шаралары ұйымдастырылды.

Осы күні Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жастар осы шара аясында саябақты қоқыстардан тазартты.

Екі жылдан астам уақыт волонтер болып жұмыс жасаймын. Жұмысымыз өзімізге қатты ұнайды. Ең алдымен біз осы қаламыздың тұрғындарына тазадықты насихаттап, мәдени орындарымызды таза ұстау шақырамыз. Ол бізде тек қана әншейін бір жұмыс қана емес, бұл жерде жақсы бір ортаны табу мақсатында біз осы жасыл елге кірген болатынбыз. Аманатта, жастар рухында біз мүше болғамыз. Негізі басым сол жерден бастағанбыз. Жасыл ел арқылы тазалықты және қаламызға деген жанашырлықты үйреткіміз келеді, - деді  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің үшінші курс студенті Шамшидин Қырмызы.

 

Ақпан айында басталған көктемгі абаттандыру жұмыстары аясында «Таза қала», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Жасыл қала», «Болашақты бірге отырғызамыз», «Жер сағаты» және басқа да экологиялық акциялар ұйымдастырылуда.

«Облыс бойынша «Жасыл ел» бағдарламасы 2025 жылдан бері табысты жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама студенттерді маусымдық жұмысқа тартумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама жастардың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруына да үлес қосады. Қатысушылар айналаны көгалдандыру, спорт кешендері мен өзен жағалауларын қалпына келтіру, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға көмектесуде, - деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры А. Қадралиев.»

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Тараз қаласы Жібек Жолы ауданы №13 шағын ауданында, «Қарахан» кесенесінің аумағында, Сарысу ауданы Жаңатас қаласының орталық саябағында және Мойынқұм ауданында өткізілді.

Жамбыл облысында аталған акциялардың аясында 818 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 125 мың тұрғын үй ауласы мен 4,5 мың шақырым көше тазартылып, 12 мың тонна қоқыс шығарылды. Биыл егілетін 195 мың ағаштың бүгінге 70 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш санитарлық бұталанды. Сонымен қатар, 60 тарихи-мәдени ескерткіш және 143 саябақ пен сквер аумақтары тұрақты түрде қоқыстан тазалануда. Бұл жұмыстарға 910 бірлік техника жұмылдырылған.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар