дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында тазалық акциясы аясында каналдар мен саябақтар тазаланды

Жамбыл облысында тазалық акциясы аясында каналдар мен саябақтар тазаланды
Сурет: jambylinfo.kz
Экологиялық шара басталғалы  облыста 1600-ден астам сенбілік өткен

Бүгін Таразда республикалық  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында каналдар мен саябақтар тазаланды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

500-ден астам еріктілер мен белсенді жастар және қала тұрғындары қатысқан акция «Денсаулық» саябағындағы «Қарасу-2» каналының жағалауында өтті. Мұнда су арнасы қалың қамыстан аршылып, демалыс аумағы толық тазаланды.

«Тараз қаласында 8 канал және 4 дренаж каналдар бар. Осының 7-і осындай тазартуды қажет етіп тұрған. Механикалық тазалау жұмыстары бойынша президент тапсырмасына сай, облыс және қала әкімі каналдарды тазалауға қаражат бөліп отыр. Аталған 7 каналға 250 миллион теңге бөлініп, жұмыстар басталып кетті»,- деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмайыл.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері Жамбыл облысында 816,6 шақырым канал мен арық қоқыстардан тазартылған. Бұл жұмыстарға еріктілер, жастар, тұрғындар қатысты.

Бүгінде Тараз қаласындағы «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1», «Қарасу-2», «Төрегелді» каналдарын механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін 300 шақырымға жуық каналдар мен арықтар тазартылатын болады.

Бұған дейін аймақ басшысы облыс орталығындағы су каналдары мен арықтардың жай-күйімен танысып, кешенді тазалаудан өткізу бойынша қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын.

Соған сәйкес, қазіргі таңда 6 каналда механикалық тазалық жұмыстары басталып үлгерді. Жалпы,  биыл қаладағы 8 канал тазаланады.

«Тараз қаласындағы каналдардың тазалығы назардан тыс қалған емес. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қайта жандана түсті. Мен тұратын  «Қарасу» шағын ауданындағы жағалау қаламыздың көрікті жерлерінің біріне айналып келеді. Бұрын қамыс пен қоға басып жатқан аймақ бүгінде талдар егіліп, гүлмен көмкерілген көрікті мекенге айналды. Кешкісін отбасымызбен шығып, осында серуендеуді дәстүрге айналдырдық», -дейді қала тұрғыны Бақытжан Тоқболатов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар