жексенбі, 19 мамыр, 2024 15:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысында Қытай азаматтары қар құрсауында қалған

Жамбыл облысында Қытай азаматтары қар құрсауында қалған
Сурет: Жамбыл облысы ТЖД
Олар мінген жеңіл көлік жолда қалған

26 ақпанда Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты жолда жергілікті маңызы бар автожолда төтенше жағдай құтқарушылары қар құрсауынан жеті адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, екі жеңіл көлік қардан шыға алмай қалған.

“Екі жеңіл автокөліктен барлығы жеті адам құтқарылып, олар жақын маңдағы Момышұлы атындағы ауылға жеткізілді. Құтқарылғандардың төртеуі Қытай азаматтары”,-деп хабарлайды ТЖД.

Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар