Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында жарты жылда 1 180 неке тіркелді
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 433
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Азаматтық хал актілерін тіркеу саласы – әрбір адамның өміріндегі маңызды кезеңдерді, яғни дүниеге келу, отбасын құру, ата-ана атану секілді сәттерді ресми түрде рәсімдейтін жауапты жүйе. Бұл сала азаматтардың құқықтық мәртебесін қалыптастырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік және демографиялық ахуалына тікелей ықпал етеді.
Өткен жылы өңірде азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша 60 мыңға жуық (59 140) қызмет көрсетілді. Оның ішінде 6 мыңға жуығы (5 912) – некені мемлекеттік тіркеу рәсімі.
Ал биылғы жылдың алғашқы алты айында 1 180 неке қиылып, жас отбасылар өмірдің жаңа кезеңіне қадам басты.





