жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жыл басынан бері 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Жамбыл облысында жыл басынан бері 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылды
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Аймақта әлеуметтік осал топтарға арналған жұмыс пен гранттар беру бағдарламалары жүйелі түрде жүзеге асуда.

 Жамбыл облысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер аясында халықты жұмыспен қамту бойынша бағдарламалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2025 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін енгізді. Енді жоспарлардың орындалуы қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналарының түсуіне негізделіп есептеледі. Бұған дейін бұл көрсеткіш электронды еңбек шарттарына сүйеніп анықталатын. Мұндай тәсіл жұмыс орындарының сапасын дәлірек бақылауға мүмкіндік береді.

2025 жылға арналған өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында облыста 65 647 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 918 жұмыс орны құрылды.

2024–2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2025 жылға жұмыспен қамту жоспары – 45 113 адамды қамтиды.

Бүгінгі күнге дейін 19 444 адам жұмыспен қамтылды, олардың ішінде:
    •    8 330 адам – тұрақты жұмыс орындарына,
    •    11 114 адам – субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды.

Бұдан бөлек:
    •    109 адам – алғашқы жұмыс орындарына,
    •    638 адам – әлеуметтік жұмыс орындарына,
    •    708 түлек – жастар практикасына,
    •    8 625 жұмыссыз – ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды,
    •    «Күміс жас» жобасы аясында – 1 032 адам,
    •    «Буындар келісімі» жобасы бойынша – 2 адам жұмыспен қамтылды.

Халықтың осал топтары арасында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы 400 АЕК мөлшерінде 1 008 қайтарымсыз грант беру жоспарланған.

Есептік кезеңде 501 үміткерге грант беру туралы оң шешім қабылданды. Олардың арасында:
    •    309 адам – көпбалалы отбасы мүшелері,
    •    108 – мүгедектігі бар азаматтар,
    •    46 – мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар,
    •    26 – асыраушысынан айырылғандар,
    •    10 – атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

Еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында оқыту бағдарламалары іске асырылуда. Жалпы 1 315 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде:
    •    980 адам – оқу орындарында,
    •    335 адам – жұмыс орнында білім алады.

Қазіргі таңда 579 жұмыссыз азамат оқуды бастады.

Сонымен қатар, «Skills Enbek» онлайн бағыты бойынша 2 345 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінде 2 868 адам білім алып, олардың 2 583-і тиісті сертификат алды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар