жексенбі, 17 қараша, 2024 1:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен

Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында жыл басынан бері 8 бала терезеден құлап кеткен
Биылғы жыл басынан бері Жамбыл облысында балалардың терезелер мен балкондардан құлауының 8 дерегі тіркелді. Жамбылда жылдамдықты асыру салдарынан 125 көлік апаты болған Ұлытау ауданындағы дала өрті толықтай өшірілді Жамбылда есірткіні жарнамалайтын 650-ден астам граффити өшірілді Баянауылда екі жасар бала трактордан құлап, көз жұмды Жамбыл облысында 2-ден 12 жасқа дейінгі балалар терезелер мен балкондардан абайсызда құлап кеткен. Жыл басынан бері осындай 8 жазатайым оқиға болды. Олардың барлығында ата-аналар қауіпсіздік ережелерін сақтамаған. Осылардың қатарында 15 жастағы жасөспірімнің 5-ші қабаттың балконынан құлауының 1 дерегі және кәмелетке толмаған жасөспірімнің 5 қабатты үйдің шатырынан құлаудың 1 дерегі тіркелген. Екі дерек те қауіпсіздік техникасына немқұрайлы қараудан, биікке шығу қаупінің алдын алу ережелерін сақтамау, сондай-ақ ересектердің кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын тиімді өткізуге назар аудармауынан болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ешқашан терезелердегі москит торларына сенбеңіз, олар құлаудан қорғамайды. Мүмкіндігінше терезелерге металл торларды және терезе тұтқаларына арнайы құрылғыларды орнату керек. Пәтерлер мен үйлерді желдету үшін нәрестенің қол жетпейтін терезе көздерін ашыңыз және терезенің алдына әр түрлі жиһазды қалдырмаңыз. Кәмелетке толмағандарға ұзақ уақыт қараусыз балконда уақыт өткізуге және ойнауға, оның ішінде фото және бейнероликтер түсіруге жол бермеңіздер», - деп сақ болуға шақырды ведомство өкілдері.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар