Жамбыл облысының аудандары суару маусымына қалай дайындалып жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 10 мамыр, 2024
- 526
Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» филиалы да суармалы кезеңге дайындық аясында су шаруашылығы нысандарын механикалық тұрғыда тазалап, қақпаларын майлап, нысандарды жөндеп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі бүгін хабарлағандай, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Талас және Сарысу аудандарында вегетациялық кезең басталып, шаруалардың сұранысына сай су жіберіліп жатыр.
Еліміздің өңір-өңіріндегі «Қазсушар» филиалдарының суару маусымына дайындығы туралы таратылған ақпаратқа сүйенсек, Түркістан облыстық филиалы суару маусымына дайындық аясында өз қарамағындағы каналдардың 600 шақырымнан астам жерін механикалық әдіспен тазалады. Бұдан бөлек, мемлекетаралық «Ханым» каналының 18 шақырымға жуық бөлігіне механикалық тазалау жұмысы жүргізіліп, 20 мың текше метр лай тұнбасы шығарылды. Филиал қызметкерлері «Найман» каналының 7,5 шақырым бөлігін бетонмен қаптады. Ал, Түлкібас ауданында 77 шақырымнан астам канал бетондалады. Бүгінгі таңда 13 бірдей каналда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.
«Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Еңбекшіқазақ ауданындағы 5 гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, аудандағы 6,1 шақырым каналда механикалық тазалау және 26 гидробекетте жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні каналдар арқылы су беру бойынша қызмет көрсетуге 355 шарт жасалып, ылғалдандыру жұмыстарына 3,6 млн текше метр су берілді. Нақты суландырылған жер көлемі - 2000 гектар.
Қызылорда облысы бойынша «Қазсушар» филиалы егіс алқаптарына су жеткізіп беретін Жаңарық каналының 7 шақырымы механикалық әдіспен тазаланып, 132 мың текше метр топырақ шығарылды. Бұдан бөлек, Қазалы ауданының егіс алқаптарына су жеткізетін Еңбек (ұзындығы – 6,1 шақырым) және КазССР 50 жылдық (ұзындығы – 3,5 шақырым) каналдарына тазалау жұмыстары жүргізілді. Сырдария ауданында Сол жаға магистралды каналының бөлігі топырақпен нығайтылды.
«Қазсушар» мекемесінің Жетісу облыстық филиалына тиесілі су арналары да суару маусымына дайын. Филиал қызметкерлері 74 шақырымға жуық су арнасын механикалық әдіспен тазалап, 174 текше метрге бетондау жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, биыл 54 гидротехникалық құрылысты жөндеуден өткізу жоспарда бар.
«Қазсушардың» Ақмола облыстық филиалына тиесілі нысандарда да вегетация кезеңі басталды. Шағалалы су қоймасы және «Нұра-Есіл» арнасы аймақтағы тұрақты суару көздері болып табылады. Бүгінгі таңда су тұтынушылармен келісім-шарт жасау жұмысы жүріп жатыр. Айта кету керек, өңірде 1 971,03 гектар егіс алқабы суармалы сумен қамтамасыз етіледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024