сейсенбі, 30 сәуір, 2024 17:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр - Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр - Ербол Қарашөкеев
Сурет: Ербол Қарашөкеевтің жеке парақшасынан алынды
Жамбыл облысының барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олардың толып кету қаупі жоқ. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, бүгін кешке Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында сел жүріп, отызшақты ауылдың ауласын су басқан. Облыс әкімі тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырды.

“Қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Облыстың барлық су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растаймын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жұмыс жүргізіп жатқанымызды хабарлаймын”,-деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, оқиға орнында барлық жауапты мекемелер жұмыс істеп жатыр.

“Жағдай менің жеке бақылауымда”,-деп жазды облыс әкімі жеке парақшасына.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар