Жамбыл облысының фитосанитарлары 39 тонна жарамсыз шие анықтады
- авторjambylinfo.kz
- 3 маусым, 2024
- 644
Қырғыз Республикасымен шекаралас аумақта орналасқан Жамбыл облысының фитосанитариялық бақылау бекетінде дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерін жұқтырған өнімдер табылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Шие Қырғыз Республикасынан Ресей Федерациясына жіберілген. Инспекторлар карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау) жүргізген кезде шиенің карантиндік дрозофила зиянкестерінің дернәсілдерін жұқтырғанын анықтады. Залалданған өнімнің жалпы көлемі 39 тоннадан асты», - деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес фитосанитариялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз