Жамбыл облысының оқушылары республикалық «Әбіш оқулары» байқауында топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 мамыр, 2025
- 565
20-21 мамыр күндері Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті.
Байқауға Жамбыл облысынан 4 бағыт бойынша 8 оқушы қатысты.
Нәтижесінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің І дәрежелі дипломын - 1 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 6 оқушы иеленіп, Жамбыл облысы командалық есепте ІІІ орын «ЕҢ ҮЗДІК КОМАНДА» номинациясымен марапатталды.
І дәрежелі дипломды Назерке Талғатқызы – Жуалы ауданына қарасты №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы жеңіп алды. Ол «Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жобасы» бағыты бойынша үздік деп танылды.
ІІ дәрежелі диплом иегерлерінің қатарында Батырхан Нұрболат та бар. Ол Шу ауданы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы. Батырхан Нұрболат «Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан (проза, поэзия) мәнерлеп оқу» бағыты бойынша үздік деп танылып, жүлделі орынға ие болды.
«Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылымы» бағыты бойынша Жуалы ауданы, №26 Жаңаталап орта мектебінің «Жас талант» тобы:
-Махұлбек Азамат, 11 сынып оқушысы;
-Нұрмахан Таңатар, 10 сынып оқушысы;
-Әліпбай Айғаным, 10 сынып оқушысы;
-Әбілда Кәусар, 9 сынып оқушысы;
-Заманбек Айбүбі, 8 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.