жексенбі, 28 сәуір, 2024 6:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Жамбыл облысының оқушыларын тасымалдайтын жаңа 14 автобус пайдалануға берілді

Жамбыл облысының оқушыларын тасымалдайтын жаңа 14 автобус пайдалануға берілді
Сурет: jambylinfo.kz
Енді алты ауданның оқушылары мектепке су жаңа көлікпен тасымалданады

Жамбыл облысында білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын тасымалдауға арналған  14 жаңа автобус пайдалануға берілді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Балалар игілігіне беріліп жатқан жаңа автобустардың кілтін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының білім бөлімі мен аймақтағы алты аудан, дәлірек айтқанда, Шу, Жамбыл, Жуалы, Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандарының білім бөлімдеріне көлік кілттерін өзі табыстады.  

«Республикалық бюджеттен лизингке алынған 14 автобустың төртеуі 22 балаға арналған, он автобус 38 орынға арналған. Автобустардың жалпы құны – 645 600 000 теңге»- деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылында өңірде мектебі жоқ 39 елді мекендерде тұратын мектеп жасындағы 923 бала, тек бастауыш мектептері бар 35 елді мекендерден 1 465 бала, негізгі мектептері бар 10 елді мекендерден 201 бала және ауыл, қала ішінде 4 949 бала, барлығы 7 538 бала мектептерге және кері қарай күнделікті автобуспен тасымалданады. Облыс бойынша оқушыларды күнделікті тасымалдайтын автобустар саны 110 дана.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар