Жамбыл облысының ПД бастығы гарнизондық жиын өткізді
- авторСадуақас Айсұлу
- 28 желтоқсан, 2024
- 41
Жаңа жыл мейрамы қарсаңында Жамбыл облысының ПД бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаев жеке құраммен гарнизондық жиын өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.k
Бұл ретте заң мен тәртіпті қамтамасыз ету аясында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған қосымша шаралар қабылдау тапсырылды. ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылатын болады. Халық көп жиналатын орындарда полицияның патрульдік жасақтары көбейтіледі.
Жұмыстың сервистік моделін іске асыру аясында полиция қызметкерлері азаматтар үшін қолжетімді болып, олардың құқықтарын қорғауы тиіс. «Полицияның қадамдық қолжетімділік» қағидатын бұлжытпай орындау халықтың полицейлерге деген сенімін нығайтпақ, - деп атап өтті ПД бастығы.