бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 20:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының прокурорлары арнайы қызметке мұқтаж 275 адамның құқығын қорғады

Жамбыл облысының прокурорлары арнайы қызметке мұқтаж 275 адамның құқығын қорғады
Сурет: Жамбыл облысының прокуратурасы
Олардың арасында 185 мүмкіндігі шектеулі адам мен 90 қария бар

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы 185 мүмкіндігі шектеулі адамның және 90 егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдардың құқықтарына нұқсан келтіру фактісін анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Уәкілетті органның аталған тұлғаларды тасымалдаумен және күтумен айналысатын мердігерді анықтауға байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімін негізсіз созып, бұзғаны анықталды.

Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлағандай, бұл азаматтар биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында тиісті қызмет ала алмаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзу фактісі жойылды.

Бүгінгі таңда мердігер анықталып, заңнамада көзделген арнайы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқаны хабарланып отыр

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар