сәрсенбі, 27 қараша, 2024 5:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл – тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке

Жамбыл – тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке
ашық дереккөзі
Жамбыл – тірлігі төрге, өндірісі өрге озған өлке
Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміз дағдарыстан дамуға бет түзеп, әлемдегі әлеуеті үлкен елу елдің қатарынан орын алды. Тұңғыш Президентіміз, Елбасы, «Nur Otan» партиясының  төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев салып кеткен сара жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сенімді түрде жалғастырып келеді. Жүйелі жүргізілген рефор-малардың нәтижесінде іргесі берік, берекесі тасыған айбынды елге айналдық.  Жер жүзіне жігерімізді танытып, көк жүзінде қырандай қанат қомдаған жас мемлекетімізде «Nur Otan» партиясы ұзақ-мерзімді даму стратегиясын іске асырудың саяси кепілі болып келеді. Халықтың аманатын арқалаған Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында қолға алынған  жарқын жобалар жемісін беріп, халқымыз шарапатын сезінуде. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол карталарында жалпы 1073 көрсеткіш енгізіліп, 9 айдың қорытындысымен 34% орындалды. Қалған көрсеткіштер кезең-кезеңмен іске асатын болады.  Есепті кезеңде аталған мәселелер партия филиалдары жанынан жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің 185 отырысында, сонымен бірге 65 Саяси кеңес бюролары мен фракцияда талқыланды. Жамбыл облысында Партия қолдауымен көптеген өзекті мәселелер шешімін тауып, өңір дамуына оң серпіліс тудыруда.  Экономиканың барлық саласында оң динамика сақталды Ағымдағы жылдың 9 айында экономикалық өсім 4,6 пайызды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, байланыс, салықтық түсім, жалақы, бюджет кірісі артты.  Жыл басынан  267 миллиард теңге инвестиция тартылып, 11 пайызға ұлғайды. Ал инфляция деңгейі 106,5 пайызды, жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Өнеркәсіп өндірісі 5,5 пайызға артты. 2025 жылға дейін 2,5 триллион теңгені құрайтын 107 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде, биыл 171 миллиард теңгеге 31 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі күнге дейін 78,2  миллиард теңгеге 13 жоба іске асты. Облыста баламалы электр қуатын өндіретін 17 жоба жұмыс істеуде. Бүгінге «Тасөткел-2» күн электр стансасы және  Жаңатас жел электр стансасы пайдалануға берілді. Осылайша облыста жалпы қуаттылық  387,6  МВт құрамақ. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында да 74,9 миллиард теңгеге 177 жоба мақұлданып, 56 миллиард теңгеге 175 жоба несиелендірілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлер санын ұлғайту және олардың бизнес жүргізуіне жағдай жасау бойынша берген тапсырмасын орындау мақсатында кәсіпкерлерге жалпы, 8,1 миллиард теңге шағын несие қаралып, соның 7,9 миллиард  теңгесі игерілген. Асыраушы сала алшаң  басып, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейді Есепті мерзімде жұмыссыздық бойынша бірқатар түйткілдің түйіні тарқатылды. Айталық, «Еңбек» бағдарламасы аясында 1008 кәсіпкерге 4,1 миллиард теңгеге шағын несие берілсе, 3 797 адам 2,2 миллиард теңгеге қайтарымсыз грант алды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде де кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға 1,9 миллиард теңге шағын несие қаралды. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында  кәсіпкерлердің несиесін ішінара кепілдендіруге 2,2 миллиард теңге қаражат бөлініп, жалпы кепілдік сомасы 6,7 миллиард теңгені құрайтын 1003 жоба кепілдендірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есеге артық орындалып отыр. Пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға да 5,2 миллиард теңге беріліп, жалпы 14,6 миллиард теңгеге 1099 жоба несиелендіріліп,  3,9 есеге ұлғайды. Ал «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» тетігі бойынша 15 кәсіпкерге инфрақұрылым жүргізуге 2,7 миллиард  теңге бөлінді. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 16 423 жұмыс орны сақталып, 5724 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұдан басқа, ШОБ субъектілері саны 71,5 мыңға жетіп,14,5 пайызға өсті. Онда 123,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып, көлемі 18,7 пайызға артып, 246,3 миллиард теңгені құрады. Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жолға қойылды. Жыл ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік өнімдерінің импортын алмастыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар саланы дамытуға 19,4 миллиард теңге субсидия қаралып, 13,7 миллиард теңгесі игерілді. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде өнім көлемі 309,1 миллиард  теңгені құрап, 100,2 пайызға жетіп отыр. Ал алға қойылған жоспар – өнім көлемін 414 миллиард теңгеге жеткізіп, ауыл шаруашылығына 31 миллиард теңгеге инвестиция тарту. Осының негізінде  2025 жылға дейін 350,4 миллиард теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба іске асырылып, 3,6 мың жұмыс орны құрылады. Мәселен, биылға 19,2 миллиард теңгеге 18 жоба жоспарланса, бүгінгі күні соның 7,9 миллиард  теңгесіне 13 жоба іске асты. Сонымен қатар егістік алқабы 752 мың гектарға жетіп, өткен жылдан  30,3 мың гектарға артты. Соңғы үш жылда 59,1 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріліп, көлемі 179,8 мың гектарды құрады. Су үнемдеу технологиясы 40 мың гектарға  жеткізілді. Мал азығын дайындау жұмыстары да қызу жүргізілуде. Жоспардағы 1,7 миллион тонна пішен толық дайындалды. Мал шаруашылығында 4,2 мың тонна ет экспортталды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін 10 пайыз ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылды. Есепті кезеңде 363 тонна балық өсірілді, оның  200 тоннасы форель балығы. Сонымен қатар жоспарланған 500 тонна балдың 332,8 тоннасы өндірілді. Облыста 32 әлеуметтік павильон ашылып, қосымша 4 павильон ашу жоспарлануда. Өткен жылдан бері «Тасөткел» су қоймасы қалпына келтірілуде. Бұған қоса, «Ақмола», «Ырғайты», «Калғұты», «Тескентоған», «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3» сынды  7 су қоймасын салу көзделуде. Баспана бақытына кенелгендердің қатары көбейді  Тұрғындарды баспанамен қамтуға басымдық беріліп  келеді. Сондықтан да, бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуде. Биыл 480,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп,   бұл көрсеткіш 11 пайызға  артты. Ал жылдық жоспар 651 мың шаршы метрді көздеп отыр. Қазіргі таңда 4482 пәтерлі 76 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Осы жылдың соңына дейін  2902 пәтерлі 50 үйі тапсырылады. Ал  Тараз қаласында 1526 пәтерлі 27 үй пайдалануға берілсе, 1685 отбасына 8,2 миллиард теңгеге «2-10-20» «Бақытты отбасы», «5-20-25» «Нұрлы жер», «5-10-20» «Шаңырақ», «7-20-25» бағдарламалары бойынша пәтер алуға жеңілдетілген несие рәсімделді. Президентіміздің тапсырмасымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға 15,9 мың облыс салымшыларынан өтініш түсіп, 8,1 мың адамға 21,3 миллиард теңге арнайы шоттарына  аударылды.  Бұл да өз кезегінде жерлестеріміздің баспана алуына мүмкіндік берді. Қауіпті дертпен күрес қарқынды жүргізілуде Әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус пандемиясы экономикамызбен қатар, халқымыздың денсаулығына үлкен нұқсан келтірді. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде індетті барынша ауыздықтай алдық. Пандемия басталғалы облыс бойынша 20,9 мыңнан аса науқас тіркелсе, оның 20,1 мыңы айығып, 441-і  инфекциялық стационарда ем қабылдады. Ал реанимациялық төсекте 44 науқас жатса, карантиндік стационарға 6 адам орналастырылды. Облыстық оңалту орталығында 2494  науқас оңалтудан өтті. Медицина ұйымдарында індетпен ауыратын науқастарды емдеу үшін жалпы 4760 төсек қоры жұмылдырылған, оның ішінде 501-і реанимациялық төсек. Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды жақсарту мақсатында инфекциямен күресуге жалпы 9,1 миллиард теңге бөлінді. Бүгінге қосымша 2 МРТ, 3 КТ, 2 УЗИ, 2 гемодиализ, 24 «Хайфло» аппараты, 108 дана функционалдық кереует  сатып алынды. Сонымен бірге, әулиеаталықтарды COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациямен қамту мақсатында 45 егу пункттері қызмет көрсетуде.  Жүйелі жүргізілген түсіндіру жұмыстарының арқасында облыста 554,0 мың адам екпе алды. Отандық фармацевтика өнеркәсібіндегі өнім көлемі де 2,8 есеге өсті. COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлейтін биофармацевтикалық зауыт ағымдағы жылы толық іске қосылады. Бүгінде институт базасында өндірілген «QazVac» вакцинасының 109180 дозасы жеткізілді. Әлеуметтің әлеуеті артып, ел инфрақұрылым игілігін көруде 2021 жылы автожол саласын дамытуға 12,7 миллиард теңге бөлініп, мемлекеттік бағдарламалар аясында 3,6 шақырым жол салынды. 440,7 шақырым  жол орта жөндеуден өтті. Нәтижесінде, қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автожолдардың үлесі 90 пайыздан 95 пайызға, елді мекен көшелерінің үлесі 77,2 пайыздан 79,2 пайызға жеткізіледі. Ағымдағы жылы тағы 12 ауылдық елді мекенге су құбыры жүргізіліп, қамтылу деңгейі 82,2 пайыздан 88,7 пайызға дейін артатын болады. Ең маңызды мәселенің бірі – елді мекендерді газдандыру. Биыл 20 елді мекендегі 16 мың адам табиғи газбен қамтылып, үлесін 83,8 пайызға  жеткізуді көздеп отырмыз. Жамбылдағы әлеуметтік көрсеткіштер де көңіл қуантады. Атап айтсақ, барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар  аясында 29,7 мың жаңа жұмыс орны ашылса, оның 16,5 мыңы тұрақты. Сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 47,4 мыңнан аса адам қамтылды. Нәтижесінде, үстіміздегі жылы 95,4 мың адамға әлеуметтік көмек көрсету жоспарланса, бүгінге 56,1 мыңы соның  шарапатын сезінді. Жыл басынан  атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар 1,9 мыңға төмендеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2,1 мың адамға кеміді.  Кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен 1-6 жастағы  16,9 мың баланы қамту жоспарланып, 14,8 мың балаға көмек берілді. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 1191 жұмыс орнын құратын 29 жобаны іске асыруға 9,5 миллиард теңге бөлініп, 723 жұмыс орны құрылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 67 ауылдық елді мекенде 8,7 миллиард  теңгеге 119 жоба іске асырылуда. Соның арқасында, 1523 уақытша жұмыс орны құрылмақ. Қазіргі таңда  54 нысанда жұмыстар аяқталып, 400-ге жуық  жұмыс орны ашылды. Тиісінше, мемлекеттік бағдарламалар және жеке бастамалар нәтижесінде орташа жалақы – 25,8, табыс 17,2 пайызға  артты. Білім мен денсаулық саласына ден қойылды Бүгінде облысымызда білім саласына да айрықша басымдық берілуде. Соның жарқын дәлелі – аталған саланы қаржыландыруға 218,5 миллиард теңге қарастырылды. Қазіргі таңда аймақтағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100, 1-6 жастағы балғындарды 91,5, қосымша білім берумен қамту 83,7 пайызға орындалды. Президент тапсырмасының негізінде өңіріміздегі 44592 педагогтің еңбекақысын 25 пайызға ұлғайтуға 35,1 миллиард теңге қарастырылса, 2022 жылы бұл 59,6 миллиард теңгеге жетпек. Сондай-ақ жыл басынан 11,1 миллиард теңгеге 23 нысанның құрылысы басталып, жаңа оқу жылында 1716 орындық 5 мектеп пайдалануға берілсе, 1380 орындық 3 мектеп жыл соңына дейін аяқталады. Осының нәтижесінде 1 апатты, 3 үш ауысымды, 2 орын тапшылығы бар, тозығы жеткен 2 мектептің мәселесі шешіледі. Облыс орталығында тұңғыш рет «Оқушылар сарайының» құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 13 мектеп күрделі жөндеуден өтті, 2 мектеп және 1 білім басқармасына қарасты мекеменің күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық 443 мектеп бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етілген. Жаңа оқу жылына дейін 370 мектепке дабыл түймесі, 85 мектепке турникет орнатылады. Тараз қаласындағы 60 мектеп жедел басқару орталығына қосылды. Халықтың денсаулығы қашанда маңызды орынға ие. Сондықтан өңірімізде медицина мамандарын даярлауға күш салынуда. Осы орайда аймақта С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Сондай-ақ «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында 4 үздік тәжірибе орталығы құрылды. Тұңғыш Президенттің «Қамқорлық қоры» бастамасымен өңірімізде Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жанынан 120 төсек орындық «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылып, онда 1352 бала ем алуда. Денсаулық сақтау саласында ағымдағы жылы облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының құрылысы аяқталды. Спорт пен мәдениет – мемлекет мәйегі, туризм – экономика тірегі Өңірде бұқаралық спортты дамытуға жалпы 11,8 миллиард теңге қарастырылды. Бүгінде облыстағы 2725 спорт нысанында 4353 бірлік спорт секциясы қызмет көрсетуде. Онда 394,1 мың тұрғын спортпен жүйелі түрде шұғылдануда. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 49,2 пайызды құрап отыр. Үстіміздегі жылы құрылысы жүргізіліп жатқан 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің 2-уі  қолданысқа беріліп, жыл соңына дейін тағы 4-уі ашылады. Облыс тұрғындары мен балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында  Тараз қаласында демеушілер есебінен 1,5 миллиард теңгеге көркем гимнастика және үстел теннисі спорт кешені пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, келесі жылы 7 ДШСК  құрылысы және 1 спорт мектебін қайта жаңғырту жоспарлануда. 1 мыңнан аса жамбылдық спортшы түрлі дейгейдегі Ұлттық құрама командаға алынды. Бұл Қазақстан құрама командасының 10,3 пайызын құрайды. Мәдениет саласында 139 ауылдық елді мекенде 208 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылды. Сондай-ақ мәдениет нысандарын арттыру мақсатында «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 4 нысанның және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 1 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жуырда туризмді дамыту мақсатында өңірлік бағдарлама қабылданатын болады. Шаһар тұрғындарының алаңсыз демалуы үшін «Тектұрмас» этно-тарихи кешені қайта қалпына келтірілді. Бұдан бөлек,  жеке инвестиция есебінен «Қаралма» тау-шаңғы кешені мен «Көксай» этно-тарихи кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жарқын жобалар жемісі Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналды. Ел игілігіне бағытталған бастама республика бойынша әзірге Жамбыл облысында жүзеге асуда. Соның бірі, «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде табысты түлектердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынды. Алдағы уақытта тағы осындай 4 кешеннің, 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Жалпы, түлектер тарапынан 2,8 миллиард теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асуда. Ал «Асар» жобасы аясында өткен жылы 103 мұқтаж отбасы ауылдастарының көмегімен баспаналы болды. Ағымдағы жылы тағы 138 үйдің құрылысы басталып, 38-і пайдалануға берілді. «Таразға тарту» жобасы шеңберінде Тараз қаласы аумағында 42 нысанда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 36-сы қолданысқа берілді. Оның 15-і жеке демеушілер есебінен жүзеге асуда.  Жеке инвестиция есебінен  782 орындық 12 жаңа мектеп балдырғандарды қуанышқа кенелтсе, 80 келушіге арналған «ARAI» емханасы жұмысын бастады. Міне, әрдайым ілкімді істердің ұйытқысы болып жүрген «Nur Otan» партиясының қолдауымен Жамбыл жерінде осындай жүйелі жұмыстар  атқарылуда. Әрине, халық ең бірінші партиядан пәрменді шаралар күтеді. Бұл орайда Әулиеатада қолға алынған жобалардың барлығы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқаны анық. Сондықтан  Жамбылдағы жарқын істер мұнымен тоқтап қалмай, әлі де өз жалғасын табады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар