дүйсенбі, 12 мамыр, 2025 21:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл және Түркістан облысында шегірткеге қарсы 200 мың гектарға жуық жер өңделді

Жамбыл және Түркістан облысында шегірткеге қарсы 200 мың гектарға жуық жер өңделді
Фото - ашық дереккөз
Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үйірлі шегіртке зиянкестері ошақтарын анықтау және жою жұмыстарын жалғастыруда,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгінгі таңда шегіртке дернәсілдерінің таралуы Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелді. Фитосанитарлық іс-шаралар барысында 535,04 мың гектар жер тексеріліп, оның 227,7 мың гектары зиянкестермен залалданғаны анықталды.

Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады. 189,1 мың гектар жер өңделді, оның ішінде:

– Жамбыл облысында – 0,7 мың гектар,

– Түркістан облысында – 188,4 мың гектар.

Жұмысқа 287 дана арнайы жерүсті бүрку техникасы, 4 ұшақ және 980 маман тартылды. Өңдеу агротехникалық тұрғыдан тиімді мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануының алдын алынып, шегірткелердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аумақтарына көшуіне жол берілмеді. Болжам бойынша, Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Қарсы күрес іс-шараларына 443 дана бүрку техникасын жұмылдыру жоспарланып отыр. Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары мен жол карталары әзірленді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар