дүйсенбі, 22 сәуір, 2024 7:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тараздағы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Тараздағы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Жамбыл Жабаев ескерткіші. Тараз. Сурет: Jambylinfo.kz
Бүгін жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 178 жылдығы. Осыған орай облыс әкімдігінің алдындағы ақынның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ақынның 178 жылдығына арналған шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс пен қаладағы ардагерлер, қоғамдық кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері, ЖОО басшылары және тағы басқа тұлғалар қатысты.

Жиналғандар жыр алыбының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тұлға рухына тағзым етті. Айта кетейік, бұл ескерткіш 1962 жылы абыз ақынның 115 жылдығына орай орнатылған болатын. 

Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар