дүйсенбі, 19 қаңтар, 2026 18:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда 155 рет жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбылда 155 рет жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
ПД баспасөз қызметі
Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.

Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ, 29 рет «тоқта сызығы» сияқты жол белгілері талаптарын сақтамай, ережелерге немқұрайлылық танытқан.

Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБТК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

- Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қасақана және жүйелі түрде бұзу жол-көлік оқиғаларына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады, - делінген хабарламада. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар