Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 200 млн теңге жымқырған алаяқтар ұсталды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 09:48
- 52
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды
ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz дерегінше, күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.






